Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мемлекеттік қызметке іріктеу қалай өтетін...

Алматыда мемлекеттік қызметке іріктеу қалай өтетіні айтылды

Әлеумет 22.02.2023, 06:08 1,005
Алматыда мемлекеттік қызметке іріктеу қалай өтетіні айтылды
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ильдар Үйсімбаевтың қатысуымен брифинг өтті.


Баяндамашы өз сөзінде Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанда мемлекеттік қызметтің қызмет көрсету сипатында болуы және артық бюрократиясыз жұмыс істеуі керектігін бірнеше рет атап өткеніне тоқталды. Бұл тапсырма Алматыдағы мемлекеттік мекеменің миссиясының негізіне айналды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету бойынша жаңа міндеттер жүктелді. Қазіргі таңда осы мәселелер аясында заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Сонымен, мемлекеттік қызметке қабылдау және қызметтен босату кезіндегі әкімшілік кедергілерді жою мақсатында заңнамаға жоғары оқу орындарының үздік түлектерін аудан және ауылдағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз тағайындау, жоғары лауазымдарға тікелей тағайындау, уәкілетті органның келісімімен «Б» корпусы мемлекеттік қызметкерлерге тоқсан сайын баға беруге көшу  мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді», - деп атап өтті И.Үйсімбаев.



Кадрлық стратегияның тағы бір маңызды құралы кадрлық құжаттаманы цифрландыру, «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту арқылы мемлекеттік қызметті цифрландыру болды.


Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің функционалдық міндеттерін олардың тиімділігі мен мақсаттылығы тұрғысынан зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері бойынша уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді, олар аталған салалардағы жалпы тәсілдерді жаңғыртуға мүмкіндік береді. 


Айта кету керек, Алматыда мемлекеттік қызметте 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Қалада бұрынғыдай қызметкерлердің орташа жас шегі - 35 жас, сондай-ақ гендерлік теңдік қағидасы сақталады. 2022 жылы мемлекеттік қызметтен кеткен қызметкерлердің пайызы төмендеді, меритократия институтының айтарлықтай жақсарды – төменгі позицияларда қызмет ететіндердің 46 пайызы мансап сатысында жоғары көтерілді.


Барлық мемлекеттік қызметшілер Мемлекеттік басқару академиясында оқудан және қайта даярлаудан өтіп, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндіктері бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мемлекеттік қызмет #Іріктеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика