AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформал...

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты

Алматы Бүгін 11:30 53 yakiya
Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда мемлекеттік қызмет жүйесін қалай реформалайтынын айтты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның мемлекеттік органдары мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, халықпен ашық байланыс орнатуға басымдық беретін жаңа жұмыс моделіне көшіп жатыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Еркеболат Нұржігітов 2026 жылғы 19 мамырда Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңның жаңа редакциясына түсініктеме бере отырып журналистерге осылай деп мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жаңа заң мемлекеттік қызметті заманға сай, икемді әрі азаматтарға түсінікті ету үшін қажет екен. Билік өкілдері мемлекеттік органның жұмысы жылдам әрі тиімді болады, мемлекеттік қызметшілер де халықтың сұранысына бейімделіп, ашық әрі кәсіби бола түседі деп отыр.

«Қолданыстағы заң 2015 жылы қабылданған, содан бері мемлекеттік қызмет жаңа сын-қатерге тап болды. Қазір азаматтар жылдам, түсінікті әрі сапалы қызмет күтеді, жүйенің өзі соған икемді болуы тиіс. Сондықтан заңнаманы жаңартып, оны жаңа талапқа бейімдедік», — дейді Еркеболат Нұржігітов.

Заңның жаңа нұсқасында алғаш рет мемлекеттік қызметті өткеру тәртібімен қатар, оның қандай қағидатқа негізделуі керектігі де бекітілді. Олардың қатарында кәсібилік, ашықтық, клиентке бағдарлану, әдептілік, мінсіз бедел, сондай-ақ жемқорлық пен мүдде қақтығысына төзбеушілік те бар.

Құжатта мемлекеттің сервистік моделіне ерекше назар аударылған. Енді жүйенің орталығында формалды тәсіл мен бюрократия емес, адам мен оның мұқтаждығы тұруы тиіс.

«Сервистік модель дегеніміз — мемлекеттің адамға барынша қолайлы болуы. Ол формалды рәсімге емес, нақты мәселені шешуге назар аударады. Мемлекеттік қызметші тек функция орындаушы емес, халыққа көмектесіп, қоғаммен ашық диалог орнататын маман болуы керек», — дейді спикер.

Өзгеріс мемлекеттік қызмет көрсету жүйесіне де әсер етеді. Билік бас артық рәсімдерді қысқартып, мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуді жеңіл әрі ыңғайлы етпек ойда. Атап айтқанда, азаматтардың өтініші түрлі себеппен қараусыз қалмауы тиіс, жұмыс барысы да жылдам әрі түсінікті болуы қажет.

Департамент басшысының айтуынша, жаңа заң мемлекеттік қызметшілердің жұмысының сапасы мен олардың халық алдындағы жауапкершілігіне қойылатын талапты күшейтеді.

«Ааматтардың мемлекеттік қызметтің сапасына көңілі толуына басымдық бердік. Өтінішті қарау мерзіміне, жауаптың толықтығы мен ақпараттың қолжетімділігіне қойылар талап күшейеді. Мемлекеттік мекеменің жұмысы түсінікті, жылдам және тиімдірек болуы тиіс», — деді Еркеболат Нұржігітов.

Басты жаңалықтың бірі — мінсіз бедел институтының енгізілуі. Заңда қандай жағдайда адамның мемлекеттік қызметке қабылданбайтыны немесе қызметін жалғастыра алмайтыны нақты айқындалады.

Сонымен қатар билік жастарды мемлекеттік қызметке көптеп тартуды жоспарлап отыр. Болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін білім беру бағдарламасы мен кәсіби дағдынды дамыту жүйесі енгізіледі.

Кадрларды іріктеу жүйесі де елеулі өзгеріске ұшырайды. Конкурс толықтай «Е-қызмет» жүйесі арқылы цифрлық форматқа көшеді. Соның арқасында іріктеу мерзімі 5–7 жұмыс күніне дейін қысқарып, кандидатты жасырын түрде бағалау мен үздіктерді автоматты түрде іріктеу арқылы рәсімнің ашықтығы артпақ.

«Іріктеудің цифрлық форматы барлық кандидатқа тең мүмкіндік беріп, адамның ықпалын азайтады. Бұл конкурсты барынша ашық әрі объективті етеді. Сонымен қатар қағазбастылықты қысқарып, мемлекеттік қызметке қабылдау процесі жеделдейді», — деді Алматыдағы Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан.

Заңды әзірлеушілердің пікірінше, бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, азаматтардың мемлекеттік органға деген сенімін күшейтіп, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара байланысты барынша ыңғайлы әрі түсінікті ете түсуге сеп болмақшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мемлекеттік қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52

Алматы қаласы Әуезов ауданы #202 мектеп-гимназиясында “Соңғы қоңырау” салтанатты мерекесі өтті

Бүгін 11:01

Алматы оқушылары республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді

Бүгін 09:58

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);