AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде...

Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті

Өмір-өзен 22.10.2022, 11:09 1,830
Алматыда мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Марапатталғандар тізімінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар болды.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік наградаларды Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 84 тұрғынға салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Марапатталғандар тізімінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар болды.



Олардың қатарында Алматы қаласының Құрметті азаматы, Алматы қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы, III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған Ақан Бижанов бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен «Парасат» орденімен Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының жетекші актрисасы Валерия Крымская және еңбек ардагері, конькимен сырғанаудан еңбек сіңірген жаттықтырушы Май Хван марапатталды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор, қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, 80-нен астам ән авторы Агиме Исағұловаға берілді.




Сондай-ақ, бұл күні қала әкімі Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға «Құрмет», «Еңбек даңқы» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» және т.б. медальдарды табыс етті. Мемлекеттік наградалармен атап өтілгендердің қатарында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес және өнеркәсіп, құрылыс, көлік және энергетика салаларының өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, мемлекеттік қызметшілер және басқалар бар.


Атап өтерлік жайт, мерекелік күндер күнтізбесіне 13 жылдан кейін оралған Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградаларды тапсырудың салтанатты рәсімі осыдан 32 жыл бұрын Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданған залда өтті.


Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #награда #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);