Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды Сурет: Polisia.kz

Олар - Қазақстанға көші-қон заңнамасын өрескел бұзып келген Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары.


Оларды полиция қызметкерлері “Мигрант” іс-шарасы кезінде анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.



 «ЖАІШ-тың төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 689 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 360 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің ҚР-да болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 288 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды. ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 40 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 464 шетелдік орналастырылды», – деді, Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.



Сонымен қатар баяндамашының айтуынша, іс-шара күндері көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ мемлекетаралық іздеуде жүрген 2 қылмыскер ұсталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17