Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды
Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ювашев Ильяр Салаватовичті («andersonchik1» блогер) мемлекетаралық іздеуге жариялады, ол лицензиясыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға қатысы бар деп күдіктелуде. Тергеу деректеріне сәйкес, 2024–2025 жылдары ол mellstroy.gamе ресурсы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат жинауға қатысқан.