AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сай...

Алматыда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» III қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды

Барлығы 05.02.2026, 20:29 248
Алматыда «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» III қалалық байқауының жеңімпаздары анықталды
Aqshamnews.kz

5 ақпанда Алматы қаласының Алатау ауданындағы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ұйымдастырған «Мектептегі өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі» III қалалық байқауының финалдық кезеңі өтті.

Байқау мектеп оқушыларының құқықтық сауатын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін дамытуға, сондай-ақ жастардың демократиялық үдерістер мен сайлауға қатысу мәдениетіне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, мектептегі өзін-өзі басқару жүйесін дамытуға және оқушыларды сайлау жүйесінің негізгі қағидаттарымен тәжірибе жүзінде таныстыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Байқау екі кезең бойынша өткізілді. 2026 жылғы 12–30 қаңтар аралығында қашықтан байланыс форматында аудандық кезең өтіп, онда қала мектептері өз мектептеріндегі өзін-өзі басқарудың сайлау жүйесі модельдерін бейнероликтер арқылы таныстырды. Байқауға қатысуға барлығы 124 өтінім түсіп, 115 мектеп конкурстық жұмыстарын ұсынды, ал жалпы байқауға 106 мектеп қатысты. Аудандық кезеңдерге мектептегі өзін-өзі басқару ұйымдарының шамамен 480 өкілі тартылды.

Қалалық финалдық кезеңде аудандық турларда жеңімпаз атанған сегіз команда өз мектептеріндегі сайлау өткізу тәжірибесі мен оқушылар парламентінің жұмыс жүйесін таныстырды. Қатысушылар мектептегі сайлау ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін, оқушыларды өзін-өзі басқару үдерістеріне тарту жолдарын және өз бастамаларының нәтижелерін көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстарын келесі құрамдағы қазылар алқасы бағалады:

• Қалықова Айгүл Оразқызы – Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;

• Ержан Қалымбайұлы – «Alatau Aqparat» медиахолдингінің бас директоры;

• Ыдрысова Айнұр Маратқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры;

• Серікова Салтанат Бахтиярқызы – Алматы қаласы мәслихатының депутаты, қоғамдық даму, мәдениет, спорт, дін және жастар ісі жөніндегі комиссия мүшесі;

• Кәрімғажы Гүлнұр Нұрланқызы – «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының директоры;

• Қабашев Асқат Рахимжанұлы – Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

I орын – Бостандық ауданының «Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия» КММ командасы;

II орын – Алмалы ауданының «№134 лицейі» КММ;

III орын – Алатау ауданының  «№201 мектеп-гимназиясы» КММ.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломмен, естелік сыйлықпен және алғыс хатпен марапатталды. Сонымен қатар, жастар арасында электоралды мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін командалардың үйлестірушілері мен аудандық аумақтық сайлау комиссиялары да марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен соң қатысушылар, ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының мүшелері естелік суретке түсті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика