AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда мектепке дейінгі білім беру сапасына қойы...

Алматыда мектепке дейінгі білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптар таныстырылды

Барлығы 12.12.2025, 17:39 407
Алматыда мектепке дейінгі білім беру сапасына қойылатын жаңа талаптар таныстырылды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мектепке дейінгі білім беру Алматының әлеуметтік саласын дамытудың басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Балабақша желісін кеңейту, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту жүйелі талдауды әрі жоспарларды үйлестіруді талап етеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 Бұл мәселелер Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкеновтің төрағалығымен Оқушылар сарайында өткен кеңейтілген отырыста қаралды. Жиын аясында жаңартылған деректер ұсынылып, 2026 жылға арналған саланы дамыту басымдықтары айқындалды.

Алматы қаласының Білім басқармасының мәліметінше, бүгінде қалада 1 066 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Онда 84 766 бала тәрбиеленуде. Екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 98 пайызға жеткен.

«Кезекті қысқартуға бағытталған пилоттық жобаның тиімділігі дәлелденіп отыр: 2026 жылғы 1 шілдеге қарай кезек 40 мың баланы құрауға тиіс, ал желтоқсан айына дейін 14 636 балаға дейін қысқарады», – деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Бибігүл Малғаждарова.

Жиында инклюзивті білім беру мен кадрлық қамтамасыз ету мәселелері де жеке қаралды. Қазіргі таңда 117 мемлекеттік балабақшада ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсететін мамандар жұмыс істейді. Бибігүл Малғаждарованың айтуынша, инфрақұрылымды жаңғырту, педагогтердің біліктілігін арттыру және қауіпсіздік шараларын күшейту – аталған құрылым үшін алдағы жылға негізгі міндеттердің бірі болып қала береді.

Отырыс аясында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген тексеру нәтижелері де айтылды. Анықталған бұзушылықтар санитарлық талаптардың сақталуына, үй-жайлардың жағдайына, тамақтануды ұйымдастыру шарттарына және өндірістік бақылаудың жүргізілуіне қатысты болған.

 «Тексеру нәтижелері мектепке дейінгі ұйымдардың барлығы бірдей белгіленген нормативтерге сай жағдай жасай бермейтінін көрсетті. Біздің міндет – бұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, олардың толық жойылуына қол жеткізу», – деді департамент басшысының санитарлық-гигиеналық мәселелер жөніндегі орынбасары Гаухар Каткенова.

Оның айтуынша, жеке және мемлекеттік балабақшалармен профилактикалық жұмыс, соның ішінде санитарлық қорғау деңгейін арттыру бағытында, күшейтіліп жатыр.

Жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері де көтерілді. Бір жыл ішінде 144 балабақша тексеріліп, нәтижесінде шамамен 2 мың бұзушылық анықталған. Олардың қатарында хабарлау жүйесінің талапқа сай болмауы, эвакуация жолдарын ұйымдастырудағы кемшілік және өртке қарсы су жүйелерінің жеткіліксіз жарамдылығы бар. Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 6,6 млн теңгеге жетті.

Отырысты қорытындылай келе, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов ұсынылған деректер мектепке дейінгі білім беру саласын жүйелі түрде жаңартудың қажеттілігін айқын көрсетіп отырғанын атап өтті. Ол білім беру сапасына бақылауды күшейтуге, кадрлық мәселелерді жедел шешуге, балабақша басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруға және инфрақұрылымдық жоспарлардың мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтып, балаларды қабылдау мен қауіпсіздігіне қатысты барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз етуді, анықталған мәселелер мен 2026 жылға белгіленген басымдықтарды ескере отырып, жаңартылған іс-шаралар жоспарын ұсынуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектепке дейінгі білім беру #Сапа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы академиясы көп балалы ананы қуантты

Бүгін 12:36

Алматыда ашық ота жасамай, жүрекке жоғары технологиялық ем жүргізілді

Бүгін 12:24

Қазақстандықтар Наурызда қанша күн демалады?

Бүгін 12:14

Алматыда алғаш рет мектеп директорларын іріктеу ашық форматта өтті: қоғам өкілдері процесті тікелей эфирде бақылады

Бүгін 11:47

Алматыда алғаш рет ұлттық киіммен мұз айдынында жаппай сырғанау өтеді

Бүгін 11:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика