конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждеріне...

Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырды

Заң мен тəртіп 21.05.2026, 14:49 366
Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырды
kaztag.kz

Алматыда мектеп түлектерінің қауіпті «кортеждерінен» бас тартуға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Соңғы қоңырау қарсаңында Алматы қаласының полициясы мектеп түлектерінің ата-аналары мен ұстаздарына үндеу жасады.

Алматы қаласы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев бұл күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылатынын атап өтті.

«Жыл сайын мерекелік іс-шаралардың бақылаудан шығып кететін жағдайларымен бетпе-бет келеміз. Әсіресе коттедждерді жалға алу, алкогольдік ішімдіктерді пайдалану, сондай-ақ автокөліктермен қауіпті серуендер ұйымдастыру және “кортеждер” үлкен алаңдаушылық туғызады.

Жасөспірімдер әсерлі бейнеролик түсіреміз деп жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда, оның соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен ата-аналар мен педагогтердің қолдауынсыз балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес.

Осыған байланысты ата-аналардан балаларды бақылаусыз қалдырмауды, олардың автокөлікпен жүруіне жол бермеуді және үнемі байланыста болуды сұраймыз», – деді Тимур Ноғайбаев.

Полиция балалардың қауіпсіздігі жолында барша жұртшылықты бірлесіп әрекет етуге шақырады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Медеу ауданындағы Құрмет көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:11

Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады

Бүгін 18:45

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Мұратбаев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 18:42

Қазақстанның атом саласын дамыту - энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс

Бүгін 17:26

Алматыда Жандосов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);