конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда медициналық мекемелеріне кене шаққан 356...

Алматыда медициналық мекемелеріне кене шаққан 356 тұрғын жүгінген

Әлеумет 02.05.2023, 06:16 1,199
Алматыда медициналық мекемелеріне кене шаққан 356 тұрғын жүгінген
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кенелердің белсенділік кезеңі ыстық күннің әсерінен болады.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлы баян етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


 Бұл ретте бір ғана энцефалиттің зертханалық мәліметі тіркелген.


Апта сайынғы мониторинг деректері бойынша ағымдағы жылдың эпидемиялық маусымының басынан бері қаланың медициналық ұйымдарына кене шаққан 356 зардап шегуші жүгінген, оның ішінде балалар – 187 (52,5%), (2022 жылдың сәйкес кезеңімен 563 адам жүгінген, оның ішінде 310 (55%) бала). Кене шағуынан зардап шеккендер саны былтырғыға қарағанда 1,5 есеге азайған. Кене шағуынан зардап шеккендердің барлығына кенеге қарсы иммуноглобулин енгізу арқылы жедел көмек дер кезінде көрсетіледі деп келтірді  ӨКҚ спикері.


Қасымхан Алпысбайұлының айтуынша, кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы вакцинация\екпе алу.



«Қалада екпелерді тұрғылықты жері бойынша (немесе тіркелген жері бойынша) қалалық емханаларда дәрігермен кеңескеннен кейін тегін алуға болады. Вакцинация курсы 1-7 ай аралығында  жүргізіліп, 2 екпе алудан тұрады. Вакцинацияны жыл бойы, соның ішінде эпидемиялық маусымда жүргізуге болады. Бірінші және екінші егу арасындағы ең оңтайлы аралық 5-7 ай (күз-қыс айлары).


 Эпидемиологиялық маусымда кене энцефалитінің ошағына баруға екінші вакцинациядан кейін 2 аптадан кешіктірмей рұқсат етіледі», - деп түсіндірді спикер.



Ревакцинация жылына бір рет вакцинация курсы аяқталғаннан кейін жүргізіледі. Кейінгі ревакцинация қашықтан үш жылда бір рет жүргізіледі. Нұсқауларға сәйкес, кене энцефалитіне қарсы вакцина алу 3 жастан асқан балаларға және ересектерге ұсынылады.


Кене энцефалитіне қарсы вакцинациялауға жататын контингенттерге мыналар жатады:


1) кене энцефалиті бойынша эндемикалық мекендейтін аумақтар;
2) осы аумақтарға келген және мынадай жұмыстарды орындаған адамдар:
- ауыл шаруашылығы, ирригация және құрғату, құрылыс, экспедиция, дератизация және зиянкестермен күрес;
- ағаш кесу, ормандарды тазарту және көгалдандыру, абаттандыру және халықтың демалыс аймақтары бойынша.
3) демалыс, туризм, саяжайларда және бақша учаскелерінде жұмыс істеу мақсатында кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтарға баратын адамдар;
4) кене энцефалитінің қоздырғыштарымен жұмыс істейтін адамдар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кене #Тұрғындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «ALMATY CIRCUS FESTIVAL» халықаралық фестивалі аясында әлемдік цирк өнерінің жұлдыздары өнер көрсетеді

Бүгін 18:06

Ұлы Жібек жолының ізімен: The Marco Polo Project халықаралық экспедициясы Алматыға келді

Бүгін 18:01

Жыл басынан бері Алматыдағы комьюнити орталықтарына 344 мыңнан астам жас барды

Бүгін 15:57

Дархан Сатыбалды спорт инфрақұрылымын дамытуды және бұқаралық спортты қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 15:46

Алматы қаласы учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шекаралары және жұмыс уақыты туралы хабарлама

Бүгін 15:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);