AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қа...

Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын

Алматы Бүгін 10:40 32
Алматының Медеу ауданында 20 мың тұрғынды сумен қамтамасыз ететін нысандардың құрылысы аяқталуға жақын

Алматының Медеу ауданында шамамен 20 мың тұрғынды ауызсумен неғұрлым сенімді әрі тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін су нысандарының құрылысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жоба Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының тапсырысымен қолға алынған. Қазіргі уақытта нысанның жалпы дайындық деңгейі 78%.

Жоба аясында жалпы көлемі 2 мың текше метр болатын екі таза су резервуарын салу, магистральдық және апаттық су құбырларын тарту, сондай-ақ беткейлерді нығайтуға арналған тіреу құрылымдарын орнату көзделген.

Құрылыс алаңында негізгі жұмыстар жалғасып жатыр. Бірінші резервуар қабырғаларын бетондау жұмыстары аяқталды, ал екінші резервуарда бетондау жұмыстары жүргізілді. Келесі кезеңде резервуарлардың жабындары орнатылады.

Құбыр желілерін салу бойынша жұмыстардың едәуір бөлігі орындалды. Ұзындығы 3,5 шақырым болатын екі желілі негізгі магистральдық су құбырын тарту жұмыстары 97%-ға аяқталды. Тартылған құбыр учаскелері пневматикалық сынақтан өткізілді. Сорғы станциясына жақын аумақта қалған жұмыстарды қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Ұзындығы 1 шақырым болатын екі желілі апаттық су құбырын салу толық аяқталды. Құбырлардың герметикалығы тексерілді. Бұдан бөлек, негізгі тарату камерасы салынды, қолданыстағы резервуардан келетін құбыр желілері, сондай-ақ суды тұтынушыларға жеткізу және тарату желілері қосылды.

Сонымен қатар қолданыстағы сорғы станциясын жаңғыртуға дайындық жүргізіліп жатыр. Станция аумағында ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және тазалау жұмыстары атқарылды. Алдағы уақытта ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, электр кабельдері мен трансформаторлар ауыстырылады.

Құрылыс жұмыстары жүргізілген учаскелерде көркейту жұмыстары жалғасуда. Негізгі көшелерді асфальттау 85%-ға орындалды. Қалған аумақтарда, соның ішінде су бұру науаларын орнату бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бұған қоса, беткейлерді нығайту және тіреу құрылымдарын салу жұмыстары атқарылуда. Кейбір аумақтарда жер қазу жұмыстары басталды. Оның ішінде габион құрылымдарын орнатуға дайындық жұмыстары да бар.

Құрылыс аяқталғаннан кейін Медеу ауданында таза судың қосымша қоры қалыптастырылып, сумен жабдықтау жүйесінің сенімділігі артады. Соның нәтижесінде шамамен 20 мың тұрғын үшін ауызсу берудегі үзілістер қаупі азаяды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су нысандары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мектебінде домбыра үйрену бірінші сыныптан басталады

Бүгін 11:16

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Бүгін 10:08

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Бүгін 10:02

Қазақстанның 17 облысына дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 09:04

Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық балаларды оңалту орталығына барды

Кеше 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);