Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құ...

Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті

Әлеумет 25.12.2024, 17:24 787
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда «Мәслихаттарға 30 жыл: Алматы мәслихатының қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев, Сенат пен Алматы мәслихатының депутаттары, мәслихаттың экс-хатшылары, қоғам және саяси қайраткерлер қатысты.

Қала басшысы өткен үш онжылдықта мәслихаттардың рөлі айтарлықтай артқанын атап өтті. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен ең маңызды саяси реформалардың бірі жүргізілді. Республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға түзетулер қабылданды, онда биліктің барлық тармақтарының, оның ішінде жергілікті өкілетті органдардың қызметін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар белгіленді.

2023 жылы Алматы мәслихатына сайлау алғаш рет жаңа ережелер бойынша өтті. Депутаттық корпус 67% - ға жаңарды және аралас қағидат бойынша 50% - партиялық тізімдер бойынша, 50% - өзін-өзі ұсынушылар бойынша құрылды.

«2022 жылдан бастап біз Алматының барлық саладағы жүйелі дамуын анықтайтын 20-дан астам стратегиялық құжаттарды қабылдадық. Бұл қала аумағын абаттандыру, жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидалары, «Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты» бағдарламасы, 2030 жылға дейінгі тұрғын үйді қайта жаңарту бағдарламасы, құрылыс салу қағидалары, Қалақұрылысы регламенті және басқа да құжаттар. Бұл маңызды бастамалар-тұрақты комиссияларда және мәслихаттың депутаттық фракцияларымен бірлескен белсенді жұмыстың нәтижесі», - деді Ерболат Досаев.

Қала әкімі алдағы жылдары Алматыны жайлы қалалық ортаға, әлемнің түкпір-түкпірінен инвестициялар мен таланттар кеңінен тартылатын әрі дамудың жоғары деңгейі бар ең заманауи мегаполистердің біріне айналдыру және терең трансформациялау бойынша маңызды міндеттер тұрғанын айтты.

Сөзінің соңында Алматы әкімі депутаттарды құттықтап, оларға алғыс хаттарды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мәслихат #конференция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов «Семей орманы» резерватының жарақтандырылу деңгейін тексерді

Бүгін 17:00

Құтқаруға берілетін 96 сағат: кене шаққанда не істеу керек және Алматыда қайда жүгінуге болады?

Бүгін 16:23

Дина Исламбекова бокстан Азия чемпионатында алтын медальға ие болды

Бүгін 16:06

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика