AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Алматыда Марфуға Айтқожинаны 90 жас мерейтойымен қ...

Алматыда Марфуға Айтқожинаны 90 жас мерейтойымен құттықтады

Мәдени Алматы 25.08.2026, 14:12 547
Алматыда Марфуға Айтқожинаны 90 жас мерейтойымен құттықтады
Алматы әкімдігі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының атынан ақын, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Айтқожинаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Абзал Нүкенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады.

«Көрнекті ақын, қоғам қайраткері әрі ерекше дарын иесі ретінде Сіз халқымыздың зор құрметіне бөлендіңіз. Мазмұнды да өнегелі ғұмырыңызды ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамытуға, қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейтуге арнадыңыз. Үздіксіз ізденіс пен шабытқа толы көпжылдық шығармашылық еңбегіңіз мол жемісін беріп, әр жылдары жарық көрген кітаптарыңыз ұлттың рухани мұрасының алтын қорын толықтырды», — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қала басшылығының атынан Абзал Нүкенов мерейтой иесіне көпжылдық еңбегі үшін шынайы ризашылық білдірді. Ол Марфуға Айтқожинаның шығармашылығы ұлттық құндылықтарға қызмет етудің үлгісіне айналғанын, ал поэзиясы ақынның азаматтық ұстанымын айқын танытатынын атап өтті.

Марфуға Айтқожинаның есімі қазақ әдебиетінің тарихында айрықша орын алады. Оның шығармалары ұлттық поэзияның алтын қорына еніп, оқырман сүйіспеншілігіне бөленді және бірнеше буын үшін рухани бағдарға айналды. Ол ондаған жыл бойы қазақ поэзиясының дамуына, мәдени мұраны сақтауға және қоғамның рухани құндылықтарын нығайтуға зор үлес қосып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қасым-Жомарт Тоқаев #Құттықтау хаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Музыкалық аспаптар әлемі" ашылды

Кеше 19:40

«Астана – есірткісіз қала»: елордада кикбоксингтен республикалық турнир өтті

Кеше 17:33

Almaty Aqparat медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Кеше 17:25

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Кеше 16:30

Алматылық бес ауыр атлет Қазақстан чемпионатынан жүлдемен оралды

Кеше 16:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);