конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Са...

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Мәдениет 10.04.2026, 08:16 976
Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді

Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» концерті өтеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2026 жылғы 17 сәуір күні сағат 19:00-де Алматы қаласындағы «Республика» сарайында қазақ эстрадасының көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваны еске алуға арналған «Сағындырған әндер-ай» атты концерттік кеш өтеді.

Бұл мәдени іс-шара ұлттық музыкалық мұраны сақтау және дамыту, сондай-ақ қазақ эстрада өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан өнер иесінің шығармашылығын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Концерттік бағдарлама аясында Мәдина Ералиеваның репертуарындағы кеңінен танымал әндер Қазақстанның белгілі эстрада және дәстүрлі өнер өкілдерінің орындауында ұсынылады.

Кешке Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткерлері, танымал әншілер мен шығармашылық ұжымдар қатысады. Олардың қатарында Роза Рымбаева, Майра Ілиясова, Мәдина Сәдуақасова, Тамара Асар, Алишер Каримов, Жанар Айжанова, «Жігіттер» тобы, сондай-ақ «Адырна» және «Сазген сазы» ансамбльдері мен «Райанбо» балалар хоры бар.

Орындаушылардың дайындық және репетиция жұмыстары концерт өтетін күні сағат 10:00-де басталады.

«Сағындырған әндер-ай» концерті – көрерменге ерекше рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің сабақтастығын дәріптейтін тағылымды кеш болмақ.

Өтетін орны: «Республика» сарайы

Күні: 2026 жылғы 17 сәуір

Басталу уақыты: 19:00

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Мәдина Ералиева #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сайлаудың соңғы сағаты: алматылықтар сайлау учаскелеріне келіп жатыр

Бүгін 19:42

Алматылық әжелер сайлау учаскелерінде ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Бүгін 19:09

Құрылтай сайлауына қатысу көрсеткіші сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 72,15 пайызды құрады

Бүгін 19:00

Сайлаудың аяқталуына бір жарым сағаттан аз уақыт қалды!

Бүгін 18:51

Алматыда өткен «Roland-Garros Junior Series by Renault – Qualifications West and Central Asia» турнирінде қазақстандық теннисшілер жүлдеге ілікті

Бүгін 18:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);