«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 23 мамыр күні Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.
Іс-шараның негізгі өткізу орны ретінде Медеу ауданындағы Мақатаев – Райымбек – Пушкин – Жетісу көшелерінің аралығы белгіленді.
Сенбілікке қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері, заңды тұлғалар, білім беру ұйымдары (мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары), мәдениет мекемелері, еріктілер ұйымдары, блогерлер қауымдастығы, сондай-ақ қала тұрғындары, ПИК және МИБ өкілдері қатысады.
Қатысушылар күрек, қолғап, қоқыс жинауға арналған қап сынды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар мынадай іс-шаралар жоспарланған:
• қатысушыларды сенбілік өтетін жерге тегін жеткізу;
• мәдени-ойын-сауық бағдарламасы;
• ауыз су мен тамақ беру;
• биоәжетханалар орнату.
Жалпықалалық акцияға Алматының аудандық әкімдіктері де қосылып, қоғамдық ұйымдар мен коммуналдық қызметтердің қатысуымен келесі аумақтарда тазалық жұмыстарын ұйымдастырады:
1. Алатау ауданы – Шаңырақ-2 шағынауданы (Мәмбетов көшесі, ҮАК бойы, Жылысай, Өтемісов көшелері аралығы);
2. Алмалы ауданы – Байсейітова саябағы (Абылай хан, Шевченко, Панфилов, Құрманғазы көшелері аралығы);
3. Әуезов ауданы – 7, 8 және 9-шағынаудандар аумағы;
4. Бостандық ауданы – Исиналиев көшесі, Қазақфильм шағынауданы;
5. Жетісу ауданы – Азовская көшесі, 18;
6. Наурызбай ауданы – Құлыбеков көшесі Әшімов көшесінен Қосынов көшесіне дейін;
7. Түрксіб ауданы – Құлжа күре жолы қала шекарасынан Бұқтырма көшесіне дейін.
Сенбіліктің мақсаты — тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қалалық ортаны көріктендіру және қала тазалығы мен санитарлық жағдайын сақтауға қоғам назарын аудару.