AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда КВИ жұқтырғандардың көпшілігі - вакцина а...

Алматыда КВИ жұқтырғандардың көпшілігі - вакцина алмағандар

Әлеумет 29.06.2022, 11:08 1,019
Алматыда КВИ жұқтырғандардың көпшілігі - вакцина алмағандар
saryarqanews.kz

Инфекция жұқтырғандардың арасында «стелс-омикрон» штамы басым


Алматыда 16-28 маусым аралығында 352 коронавирус инфекциясын жұқтырған адам тіркелсе, оның ішінде вакцина алмағандар 222 адам (63%). 2022 жылдың басынан бері қалада КВИ бойынша 55 322 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2022 жылғы 24 маусымдағы бірлескен бұйрығымен коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орын саны 135-ке дейін ұлғайтылды.



2022 жылғы 29 маусым күні таңертеңгі жағдай бойынша, жұқпалы аурулар ауруханасында 48 пациент емделіп жатыр. Ауруханаға түскендердің ішінде 10 жүкті әйел бар, олардың ешқайсы вакцина алмағандар. Үй карантинінде 269 пациент бар, олардың 80%-ға жуығы вакцина алмағандар.



Инфекция жұқтырғандардың арасында «стелс-омикрон» штамы басым. Болжам бойынша, бұл мутация бүгінде айналымда, ал бұл инфекцияның үдемелі өсуін тудырады. Науқастардағы клиникалық сипатта көбінесе катаральды құбылыстар басым болады: дене қызуы, жөтел, тамақ ауруы, әлсіздік, т.б.


Бүгінде қалада медициналық ұйымдарда 96 вакциналау пункті және 175 вакциналау бригадасы жұмыс істейді.


Алматыда вакциналану үшін келесі препараттардың дозаларын алуға боолады, олар: QazVac, Vero Cell, Pfizer.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ковид #вакцина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жұлдызды кеш: Solana Fest әлемдік артистерді бір сахнада тоғыстырды

Бүгін 11:35

Алматы кітапханасында Ілия Жақановтың сазды әндері шырқалды

Бүгін 11:19

Алматыда автобус жолақтары мен веложолдар желісі кеңейтіліп, бірқатар көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 11:11

Алматыда «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында жастармен ашық диалог өтті

Бүгін 11:09

Алматы әкімдігі Горький атындағы орталық саябақтағы 5 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарады

Бүгін 11:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);