AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда күзет агенттігі кейпіндегі қаруланған ұйы...

Алматыда күзет агенттігі кейпіндегі қаруланған ұйымдасқан қылмыстық топ бизнеске қысым көрсеткен

Заң мен тəртіп 04.06.2025, 10:26 813 dulatbekova
Алматыда күзет агенттігі кейпіндегі қаруланған ұйымдасқан қылмыстық топ бизнеске қысым көрсеткен
Сурет: Astanatv.kz

Алматы қаласында күзет агенттігі ретінде тіркеліп, заңсыз әрекеттермен айналысқан қарулы ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) әшкереленді.

 Қылмыстық топтың мүшелері кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, нысандарын күшпен тартып алып отырған. Олар адамдарды ұрлап, бопсалап, физикалық және психологиялық зорлық-зомбылыққа да барған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл топ ойын-сауық орындарының иелері мен қызметкерлеріне күш қолдану арқылы кәсіпкерлік нысандарын иемденіп, кейін сол жерде «қауіпсіздік қызметін» атқарған сыңай танытқан.

Ұйымдасқан қылмыстық топты ҰҚТБ (Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы) қызметкерлері ҰҚК мен прокуратураның үйлестіруімен жойды. Арнайы операция нәтижесінде Алматы, Жетісу, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында топтың 20 мүшесі ұсталды.

Тергеу барысында 40-тан астам тінту жүргізіліп, 7 бірлік атыс қаруы – оның ішінде 3 кесілген аңшы мылтығы, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мәлімдеді.

Қазіргі уақытта бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетімен әрекет ету және денсаулыққа зиян келтіру деректері бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Сонымен қатар, топ басшысы мен мүшелеріне қатысты ҰҚТ құру, оған жетекшілік ету және қатысу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олар басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы бойынша тексерілуде.

ІІМ мәлімдеуінше, бизнеске қысым көрсету және қылмыстық араласу әрекеттері мемлекет бақылауында. Заңға қайшы кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұқт #терроризм #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы курорттарына шамамен 3 млн адам келген

Бүгін 08:56

Еліміздің басым бөлігіне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:42

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Кеше 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Кеше 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Кеше 18:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);