AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда «Күміс университетінің» ашылу салтанаты ө...

Алматыда «Күміс университетінің» ашылу салтанаты өтті

Білім және ғылым 22.02.2024, 08:46 1,256
Алматыда «Күміс университетінің» ашылу салтанаты өтті
gov.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да салиқалы жастағы адамдарға арналған университет – «Күміс университетінің» ашылу салтанаты өтті.


Филология институтының ұйымдастыруымен «Мүмкіндіктер алаңы» тақырыбында арнайы іс-шара өткізілді. 2023 жылдың қараша айында басталған бұл жоба Алматы қаласының Медеу және Алатау аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуда.


Іс-шараның мақсаты – егде азаматтардың білім алу кеңістігін кеңейту, олардың өмір сүру сапасын арттырып, өзін-өзі дамытуын қолдау, құрмет көрсету. Абай университетінің стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес Күміс университет моделін жүзеге асыру.


Болат Тілеп бұл бастаманың маңыздылығына және оның өзектілігіне тоқталды.




«Бүгінде мемлекетіміз «Күміс университет» жобасы аясында аға буын өкілдерінің біліктілігін арттырып, заман талабына сай дамуы үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Білім беру саласында көш ілгері келе жатқан білім ордамыз аға буынға қолдау көрсетіп, олардың ары қарай үздіксіз білім алуына, тәжірибе алмасуына ықпал ететін болады. Біз аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдық өмірге толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді.



Аталған аудандарда тұратын егде жастағы адамдарға арналған тіл үйрену курстарын ұйымдастыру Филология институтының бастамасымен қолға алынған болатын. Қазіргі таңда қазақ, ағылшын және араб тілдерін үйрену курстарына 56-ға жуық адам қатысуда. Тіл үйрену арқылы заманға сай коммуникативтік дағдыларын арттыруға қызығушылық білдіргендер саны күннен күнге артып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #университет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);