конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда «Күлпет» романының тұсаукесері өтті

Алматыда «Күлпет» романының тұсаукесері өтті

Мәдениет 24.02.2023, 16:24 1,859 Almaty-akshamy
Алматыда «Күлпет» романының тұсаукесері өтті

Роман ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді


Бүгін Ұлттық кітапханада Mecenat.kz әдеби байқауының тұңғыш жеңімпазы, жазушы Шархан Қазығұлдың «ARNA-B» баспасының қолдуымен жарық көрген «Күлпет» романының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Күлпет» романы Қазақстанның социализм дәуіріндегі кезеңінен бастап қазіргі күнге дейінгі тарихын басты кейіпкер Әбужан Райысовтың өмірі мен тағдыры арқылы суреттейді. Роман туған жерге деген махаббат пен шынайы патриотизм, қазақ әйелінің адалдығы, ұлттық дәстүрді сақтау сияқты құндылықтар арқылы бүкіләлемдік сұрақтарға жауап іздейді.



Іс-шараны «Азияның Шығармашылық Богемиясы» бірлестігінің жетекшілері Гүлнара Жандыбаев және Алма Нутушова құттықтау сөзбен ашты.


Шарада мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Бердібек Сапарбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, драматург Смағұл Елубай, Қазақстанның халық әртісі, театр және кино актері Досхан Жолжақсынов «Күлпет» романы жайлы өз пікірлерімен бөлісіп, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.


Шығармашылық кездесуде «Күлпет» романының авторы Шархан Қазығұл, Mecenat.kz әдеби байқауының құрылтайшысы Ерлан Асқарбеков, «Kitapfest» кітап фестивалін ұйымдастырушы Бекнұр Қисықовтар сөз сөйлеп, алдағы жоспарлармен бөлісіп, осы жобаларды ұйымдастыруда қолдау көрсеткен әдебиет жанашырларына алғыстарын жеткізді.



Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері Шархан Қазығұлды арнайы құттықтай келіп, әсем әнмен шашу шашты.


Шара соңында ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына ризашылықтарын білдіріп, алғыс хат табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күлпет #Роман #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);