конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда көшедегі қылмыс екі еседей азайды

Алматыда көшедегі қылмыс екі еседей азайды

Заң мен тəртіп Бүгін 14:40 44
Алматыда көшедегі қылмыс екі еседей азайды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биылғы жеті айда Алматыда ауыр қылмыс, ұрлық, тонау, алаяқтық пен көшедегі қылмыс саны едәуір азайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны да төмендеген. Өңірлік коммуникациялар қызметінде полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек қаладағы осы қылмыстық ахуал туралы баяндады.

Полицияның мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыс саны 3,3 пайызға төмендеген. Ауырлығы онша емес және орташа қылмыс саны 15,8 пайызға азайыпты. Мүліктік қылмыс та төмендеген. Алаяқтық 12,1 пайызға, ұрлық 11,4 пайызға, тонау 14,3 пайызға, автокөлік ұрлау 6,7 пайызға азайып отыр.

Полиция интернет-алаяқтықтың 9,5 пайызға төмендегенін де атап өтті. Алаяқтық тәсілі үнемі өзгеріп отырады: қылмыскерлер әлеуметтік инженерия әдістерін, қоңырау мен хабарламаны пайдаланып, азаматтарды өз еркімен ақша аударуға немесе қажетті мәліметін беруге мәжбүрлейтіні айтылды.

«Цифрлық қауіп-қатер артқандықтан киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес біз үшін жеке басым бағыт болып қалады. Мұндай қылмыстың едәуір бөлігі әлеуметтік инженерия мен қашықтан алдау әдісі арқылы жасалады. Сондықтан жедел жұмыспен қатар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын да күшейтіп жатырмыз», – дейді Салтанат Әзірбек.

Бірінші жарты жылдықта ауыр және аса ауыр қылмыстың ашылу көрсеткіші 69,3 пайызды, аса ауыр қылмыстікі 97,8 пайызды құрады. Мүлікке қатысты қылмыстың бірнеше түрі бойынша да көрсеткіш жақсарып қалыпты.

Алматының қоғамдық орны мен көшесінде қылмыстық жағдай айтарлықтай тұрақтанған. Қоғамдық орында жасалатын қылмыс саны 34,7 пайызға, көшедегі қылмыс екі еседей төмендепті. Полиция мұны учаскелік инспекторлардың жұмысы мен қылмыс пен басқа да құқық бұзушылық жиі жасалатын жерлерге бақылаудың күшейгенімен байланыстырып отыр.

«Біздің міндетіміз жасалған қылмысты ашу ғана емес, олардың алдын алу да. Сондықтан қауіп-қатері жоғары қала аумақтарына ерекше назар аудардық», – дейді Алматы қаласының полиция департаментінің ресми өкілі.

Қалада есірткінің таралуына қарсы күрес те жалғасып жатыр. Жыл басынан бері полиция 476 есірткі қылмысын анықтады. Оның 200-ден астамы есірткі затын өткізумен байланысты. 483 келіден астам есірткі құралы тәркіленді. Полиция есірткі таратушыларды анықтап, ұстаумен қатар, жастарды есірткі қылмысына тартуға жол бермеуге де барын салып жатыр.

Жол-көлік оқиғасына қатысты статистикада да оң өзгеріс бар. Жеті айда Алматының жолында қаза тапқандар саны былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 15,6 пайызға азайған. Жарақат алғандар саны 5,7 пайызға төмендеген. Полиция көлікті мас күйде басқаратындарды ерекше бақылауда.

Қаладағы қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күресте бақылау камерасы да пайдаланылады. Қазіргі таңда Алматыда 211 мыңнан астам камера жұмыс істейді, олардың едәуір бөлігі полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Камера жазбалары қылмысты ашып, әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға көмектеседі.

Жалпы, жеті айдың қорытындысы бойынша Алматыда қылмыстың негізгі көрсеткішінің басым бөлігі төмендеген. Соған қарамастан, ауыр қылмыс, балалар мен отбасылардың қауіпсіздігі, есірткінің таралуы, интернет-алаяқтық, қоғамдық орындардағы қылмыс пен жол қауіпсіздігі мәселелері полицияның басты назарында қалып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Заң бұзғандарды видеоға түсіргендер сыйақы алады

Бүгін 15:21

Алматыда Орталық Азияның жас көшбасшылары жасанды интеллект және тұрақты даму саласындағы жобаларын таныстырды

Бүгін 15:17

Алматыда Абай күніне арналған викторина өтті

Бүгін 15:14

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

Бүгін 15:10

Азаматтардың басым көпшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдіреді

Бүгін 15:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);