AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда көше тазалығына арналған  жаңа көліктер а...

Алматыда көше тазалығына арналған  жаңа көліктер алынды

Әлеумет 10.01.2023, 06:36 1,307 Досбол АТАЖАН
Алматыда көше тазалығына арналған  жаңа көліктер алынды
almaty-akshamy.kz

Алматыда көшелердегі көктайғақтың алдын алуға арналған жаңа жүк көліктері сатып алынды.


Алматыда бюджет қаражаты есебінен «Алматы Тазалық» МКК қарамағына көшедегі көктайғақтың алдын алу үшін КамАЗ 65116-6010-48 автомобиліне орнатылған сұйықтық шашатын аспалы жабдығы бар үш аралас жол машинасы сатып алынды.


Жаңа көліктер Алматының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарында көше тазалығымен айналысады. «Алматы Тазалық» МКК өкілдері жаңа техниканың көктайғақпен күресуде пайдасы көп екенін айтады.




- Бұл техниканың ерекшелігі – сұйық реагент қолданылады. Яғни, көшеге себетін сұйықтықтың 24%-ы тұз ерітіндісі, қалған бөлігі судан тұрады. Аталмыш көліктер қардың алдында, қар жаумай тұрып көшелерге арнайы сұйықтықты сеуіп шығады. Ол жолдарда мұз қатпауы үшін жасалады. Сұйықтық шашатын аспалы жабдығы көліктің артында орнатылған. Ол 12 метрге дейін реагент шаша алады. Жалпы, сұйықтықтың көлемі 30 шақырымға дейін жетеді. Сондай-ақ, айтылған техника жаз кезінде де көше тазалығы үшін жұмыс істей алады, оған бөлек арнайы жабдығы бар. Қазір бұл көліктердің тиімділігі іс жүзінде тағы бір рет тексеріледі. Егер жақсы нәтиже көрсететін болса, алдағы уақытта мұндай көліктердің саны көбейеді деп үміттенеміз», – деді «Алматы Тазалық» МКК Бостандық ауданы бойынша бөлім басшысының орынбасары Есімханов Ерсін Жұмабайұлы.



«Алматы Тазалық» МКК өкілі аталмыш техниканың қоршаған ортаға зияны жоқ екенін де хабарлады.




- Техниканың қоршаған ортаға зияны жоқ. Сұйықтық себілген соң, ешқандай қоқыс қалмайды. Бұрын біз тұзбен араласқан құм шашатынбыз. Ол кейін қала жолдарында балшыққа айналып, қала тұрғындарына қолайсыздық тудыратын. Су мен тұз араласқандықтан, реагентте ешқандай қалдық болмайды, су ағып кетеді. Көлікті басқарып, тазалық жұмыстарын жүргізуге бір ғана жүргізуші жеткілікті, – деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #қартазалау #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сапа мен қауіпсіздік: Алматыда білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін 12:41

Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 12:30

1 шілдеден бастап Құрылтай туралы заң жобасы күшіне енеді

Бүгін 11:32

Цифрлық теңге: жаңа ақшаны экономикаға қайтіп кіріктірмек

Бүгін 10:36

Қызылорда облысының жаңа әкімі кім болды?

Бүгін 10:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);