Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірың...

Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады

Барлығы 06.08.2025, 17:40 680
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте қаланың жарықтандыру жүйесінің шебер жоспарының жобасы таныстырылды.

Құжат қаланың барлық аумағын және негізгі көлік бағыттарын қамтып, заманауи қауіпсіздік, энергия үнемділік және визуалды қабылдау талаптарына сай келетін сыртқы және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
 
Талқылау барысында әкім жарықтандыру стратегиясы қағаз жүзінде қалмай, нақты нәтиже беретін жүйе болуы керектігін баса айтты.

«Қазір біз әртүрлі елден білікті мамандарды тартып жатырмыз. Өзім де бұл істі жіті бақылауға аламын, кешкі уақытта нысандарды аралап, жарықтың шын мәнінде халық үшін қалай қызмет етіп жатқанын көріп, бағалаймын», - деді Дархан Сатыбалды.

Әкімнің айтуынша, жарықтандырудың шебер жоспары сәулет, қауіпсіздік пен заманауи технология тоғысқан жүйелі шешім. Бұл ретте, халықаралық стандарттарға сай болу және Алматының тарихи келбетін сақтау негізгі басымдықтардың бірі.

Шебер жоспар «Atlas Global KZ» компаниясының қатысуымен әзірленіп жатыр. Жоба барысында Мәскеу, Лондон, Лион, Сеул, Измир секілді әлемнің ірі қалаларындағы тәжірибе сараланып, Алматының ерекшеліктеріне сай бейімделіп ұсынылып отыр. 

Құжатта көше мен қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыруды жүйелі тарату, сәулеттік және оқиғалық жарықтандыруды дамыту, жарықтық ластануды азайту, сыртқы жарықтандыруды «ақылды қала» жүйесіне біріктіру, сондай-ақ түнгі уақытта, әсіресе әйелдер, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аудару көзделген.

Жоспарға сай, 2025 жылдың соңына дейін Алматының барлық көшесі толық жарықтандырылады. Бұл түнгі қауіпсіздікті арттырып қана қоймай, қала өмірінің кешкі тынысын жандандыруға – туризмді дамытуға, дәмханалар мен дүкендердің, шағын бизнестің өркендеуіне жол ашады. 

Кеңес соңында қала әкімі Энергетика және сумен жабдықтау басқармасына және «Алматы Қала Жарық» мекемесіне шебер жоспардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды және қолданыстағы нормативтік құжаттарға қажетті толықтырулар мен өзгерістер енгізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жарық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика