Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі қабылданды

Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі қабылданды Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Саябақ жиһаздары мен субұрқақтарды күтіп ұстау талаптары

 

Алматы қаласында қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық қолайлы қалалық ортаны құру мақсатында көріктендірудің жаңа ережесі енгізілді. Бұл жаңа ереже саябақ жиһаздарын, қоршаулар мен субұрқақтарды күтіп ұстауды қатаң талап етеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Алматы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкенов атап өткендей, жаңа ережеде бұрын болмаған нормалар бар. Бау-бақша жиһаздары, мүсіндер мен шағын сәулет нысандары таза әрі жарамды күйде болуы тиіс.

"Көктемгі уақытта шағын сәулет нысандары тексеріліп, тазартылды, боялып, сынған элементтері ауыстырылды. Қоршаулар міндетті түрде тексеріледі және тиісті техникалық жай-күйге келтіріледі, қажет болса сырланады. Сонымен қатар, субұрқақтар жұмыс істеген кезде күнделікті тазартылады," - деді Дулат Әшкенов.

Көріктендіру жұмыстарын қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері, аумақты абаттандыруды, күтіп ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді. Алматы әкімдігі мегаполис аумағын көріктендіру және жинауды ұйымдастыру мәселесі бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров жаңа көріктендіру ережесін қолдайды. Оның айтуынша, жаңа өзгерістер шаһар тұрғындарының жауапкершілік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

"Көптеген алматылық қаланың сыртқы келбетіне шағымданады. Алайда біздің шаһарды көріктендірудің дамуы жауапты органдарға ғана байланысты емес. Біріншіден, бұл әр тұрғынның жауапкершілігі," - деді сарапшы.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 19 шілдесінде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясында депутаттар Алматы қаласының аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл шаралар "Таза Қазақстан" республикалық акциясының мақсатына сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:34

20:15

19:44

19:19

18:40

18:14

17:50

17:34

17:20

17:05

16:43

16:37

16:20

16:02

15:32

15:25

15:18

15:15

15:09

15:07

14:51

14:50

14:47

14:30

14:18