конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымын...

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауға бақылау күшейтіледі

Алматы Бүгін 10:43 39
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту маусымына дайындауға бақылау күшейтіледі
Алматы әкімдігінен

Алматыда қала әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевтың төрағалығымен көппәтерлі тұрғын үй қорын басқару және тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау мәселесіне арналған кеңейтілген жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жиынға жауапты басқармалар, аудан әкімдіктері, Төтенше жағдайлар департаменті, ПИК және МИБ қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының төрағалары қатысты.

Кеңесте тұрғын үй қорын қыс маусымына дайындау, ПИК пен МИБ жұмысының тиімділігін арттыру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ортақ мүлікті күтіп-ұстау және басқару органдарының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы мәселелері қаралды.

Кеңесті ашқан Алмасхан Сматлаев көппәтерлі тұрғын үйлерді сапалы күтіп-ұстау қала қызметінің басты міндеттерінің бірі болып қала беретінін айтты.

«Көппәтерлі тұрғын үй қорының жай-күйі – біздің жұмысымыздың тиімділігінің көрсеткіші. Негізгі міндеттер – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үйлерді тиісті деңгейде күтіп-ұстау және заң бұзушылықтардың алдын алу», – деді Алмасхан Сматлаев.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Шархан Тұрсынбаев тұрғын үй қорының қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады.

«Тұрғындардың көппәтерлі үйлерді басқару мен күтіп-ұстау сапасына қоятын талаптары жыл сайын артып келеді. Сондықтан басқару органдары ашық әрі жария жұмыс істеуі, қажетті жөндеу жұмыстарын уақытылы жүргізуі және тұрғын үй иелеріне қаржының қалай жұмсалғаны жөнінде тұрақты түрде есеп беріп отыруға тиіс», – деді Шархан Тұрсынбаев.

Кеңес қорытындысы бойынша Алмасхан Сматлаев көппәтерлі тұрғын үйлерді жылыту маусымына сапалы дайындауды, ортақ мүлікті тексеруді және бірінші кезекте атқарылатын жөндеу жұмыстарын айқындауды тапсырды. Сондай-ақ, тиісті басқармаларға Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына бақылауды күшейту, тұрғын үйлердің жертөлелерінде орналасқан коммерциялық нысандарды тексеру және анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жүктелді. Бұған қоса, Полиция департаментімен бірлесіп көппәтерлі тұрғын үйлерде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады

Бүгін 10:39

Қапшағайда батып бара жатқан адамды құтқармақ болған Қонаев тұрғыны қаза тапты

Бүгін 10:33

Сейсенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 09:19

Алматыда биыл 100-ден астам жеделсаты ауыстырылады

Кеше 16:25

Азия Олимпиадалық кеңесінің өкілдері Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындығын бағалады

Кеше 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);