Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде...

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Барлығы 08.12.2024, 11:55 633
Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Алматы әкімдігі

8 желтоқсан күні таңғы сағат 4-тен бастап Алматы қаласында 22 сағатқа дейін қар жауа бастады. 

Күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізілуде. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды.

64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізілуде. 

Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларына сәйкес қарды тырмалау әрбір 5 см жаңа жауған қардан кейін жүргізіледі. Қазгидрометтің мәліметінше, таңғы сағат 9:30-ға дейін қалада 4 см қар жауған.

Қардың түсу қарқындылығы күрт артқаннан кейін сағат 09:30-дан бастап жолдардың жүріс бөлігінен қарды тырмалау бойынша 18 баған ұйымдастырылды.

Қарды жол жиегіне сыпырғаннан кейін, жұмыстарды жүргізу технологиясына сәйкес, коллонналар құрылып, қарды шығару ұйымдастырылады.

Қар жауғаннан кейін жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіледі.
Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, бүгін түстен кейін қар жауады, ол 22 сағатқа дейін аяқталады. Ауа температурасы -3 декабря -5°С, одан әрі 9 желтоқсандағы түнгі кезеңде -11...-13°С дейін төмендейді. Түнде айтарлықтай жауын-шашынсыз.
9 желтоқсанда жауын-шашынсыз, ауа температурасы -6...-8 °С.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қар тазалау #ауа райы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика