Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда комьюнити-орталықтардың желісі кеңеюде

Алматыда комьюнити-орталықтардың желісі кеңеюде

Әлеумет 08.10.2025, 17:59 486
Алматыда комьюнити-орталықтардың желісі кеңеюде
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы — елдегі ең жас әрі қарқынды дамып келе жатқан мегаполис. Бүгінде қаланың әрбір үшінші тұрғыны – 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. Жас алматылықтардың жалпы саны 712,3 мыңнан асады. Бұл жай ғана статистика емес – жастар қаланың әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне белсенді араласып келеді.

Соңғы үш жылда жүйелі жастар саясаты аясында Алматыда жаңа буындағы комьюнити-орталықтардың кең желісі құрылды. Бұл – барлық ауданға тараған, жастарды қолдауға бағытталған толыққанды инфрақұрылым. Мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар білімге, кәсіби даму мен жұмыспен қамтуға, әлеуметтік және психологиялық көмекке қол жеткізіп, белсенді қалалық қауымдастықтың бір бөлігіне айналуда.

Жастарға арналған жүйелі қолдаудың маңызды бөлігі – Алматы қалалық мансап орталығы. Мұнда университеттер мен жұмыс берушілер бір алаңда біріктірілген. 2025 жылдың басынан бері бұл орталық арқылы 4 мыңнан астам жас маман жұмысқа орналасты.
Комьюнити-орталықтар – жаңа форматтағы кеңістік.

Қазіргі уақытта Алматыда 11 комьюнити-орталық жұмыс істейді. Бұл – тек коворкингтер ғана емес, жастар үшін ашық әрі қауіпсіз кеңістік. Мұнда психологиялық және құқықтық көмек алуға, кәсіби бағдарлаудан өтуге, шеберлік сабақтарына, интеллектуалды ойындарға қатысуға болады.

2025 жылдың басынан бері:
6,2 мыңнан астам адам жұмыспен қамту бойынша кеңес алған;
3,9 мың жас нақты жұмысқа орналасқан;
1 мыңнан астам жас психологиялық көмек алған;
1,3 мыңнан астам құқықтық кеңес берілген.

Орталықтарда кешенді тәсіл қолданылуда: жастарды бастапқы диагностикадан өткізу, жеке даму маршруттарын құру, оқыту, менторлық және әрі қарай жұмысқа орналастыру.

Комьюнити-орталықтарда өткізілген 1,6 мыңнан астам іс-шара 380 мыңнан астам адамды қамтыды. Әлеуметтік желілердегі (Instagram, TikTok, Telegram т.б.) онлайн-қамту 1,5 миллионнан асты. Жастар экологиялық, мәдени, білім беру және волонтерлік жобаларға белсенді қатысуда. Әр орталық өз ауданының рухына сай комьюнити қалыптастыруда.

NEET-санатына жататын жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл – жұмыс істемейтін, оқымайтын және оқуға тартылмаған жастар. Алматыда бұл топпен де жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Әрбір комьюнити-орталық өз бастамаларын дамытады. Бірі білімге, бірі кәсіпкерлікке, бірі шығармашылыққа бағытталған. Осы арқылы Алматыдағы орталықтар тек инфрақұрылым емес, нақты нәтижеге жетелейтін тірі экожүйеге айналды: мұнда жастар қолдау табады, дамиды, бірігеді, идеяларын жүзеге асырып, қаладағы өзгерістердің қозғаушы күшіне айналады.

Бұл модель – бүгінде Қазақстан бойынша жастар саясаты саласындағы ең табысты жобалардың бірі. Жыл соңына дейін Алматыда тағы екі жаңа орталық ашу жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі