Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматыда колледж студенттері арасында «XXI ғасыр к...

Алматыда колледж студенттері арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны өтті

Білім және ғылым Бүгін 14:16 36
Алматыда колледж студенттері арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны өтті
Ұйымдастырушылар ұсынған сурет

2026 жылдың  ақпан айының 27 жұлдызында «ALMATY POLYTECHNIC COLLEGE» КМҚК базасында Алматы қаласының 2-3 курс колледж студенттері арасында жастарының білім додасына айналған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қалалық кезеңі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

 Жастардың білімін, тапқырлығы мен көшбасшылық қабілетін сынайтын дәстүрлі «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынына  қаламыздың  16  колледжінен іріктеліп шыққан үздік  білім алушылар қатысып, өзара бақ сынасты. Іс-шараның басты мақсаты – дарынды жастарды қолдау, олардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту және білімге деген қызығушылығын арттыру.

Зияткерлік дода бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар «Бәйге» бөлімінде түрлі сала бойынша (Қазақстан тарихы, құқық негіздері, саясаттану, философия, дүниежүзі тарихы, география, мәдениеттану негіздері) қойылған сұрақтарға жедел әрі нақты жауап берді. «Полиглот» кезеңінде талапкерлер қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін көрсетіп, көптілділік дағдыларын дәлелдеді. Бұл бөлімде қатысушылардың тілдік құзыреттілігі мен тапқырлығы ерекше көрінді.

Ал «Ғажайып жетілік»  бөлімінде қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдауы және жан-жақты дайындығы сынға түссе, «Жорға» кезеңінде әр үміткерге жеке сұрақтар қойылып, білімнің тереңдігі сыналды Жауап беру жылдамдығы мен нақтылығы басты назарда болды. Сайыс барысында білім алушылар тек теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар сахна мәдениетін, өзін-өзі ұстау шеберлігін және көшбасшылық қасиеттерін де көрсете білді. Әр кезең тартысты өтіп, жанкүйерлер мен қазылар алқасы ерекше әсер алды. Қазылар құрамында тәжірибелі педагогтер мен сала мамандары болды:

  1. Акаева Галия Атибаевна- «Эмили» жоғары медициналық колледжі директордың орынбасары

  2. Касенова Гульнара Адиловна- тарих ғылымының магистрі, тарих пәнінің оқытушысы.

  3. Кукузова Гульсара Койшибаевна- тарих ғылымының магистрі, тарих пәнінің оқытушысы, педагог- модератор

  4. Токтамуратова Айнур Айтказиевна – орыс тілі пәнінің оқытушысы, педагог –зерттеуші

  5. Шакенова Асем Серикбосыновна – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, педагог- сарапшы

Қазылар алқасы қатысушылардың жауаптарының нақтылығына, сөйлеу мәдениетіне және уақытты тиімді пайдалануына ерекше назар аударды.

”XXI ғасыр көшбасшысы”жеңімпазы атағын Алматы құрылыс техникалық колледжі студенті  Бейсенқызы Жұлдыз жеңіп алды.
1-орын-Сырғатай Жұлдыз N2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі.
2-орын — Максутов Азамат Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі.
3-орын —Бекберген Қарақат N1 Алматы қазақ гуманитарлық педагогикалық колледжі.
Барлық қатысушылар дипломдармен марапатталып, алғыс пен қолдау сөздеріне ие болды.
«XXI ғасыр көшбасшысы» – болашақ көшбасшыларды тәрбиелейтін, талантты жастарға жол ашатын бірегей алаң. Осындай жобалар арқылы біз білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастырамыз.

Бұл зияткерлік ойын – жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға бағытталған маңызды жоба. «XXI ғасыр көшбасшысы» – тек білім сайысы ғана емес, болашақ ел тізгінін ұстайтын көшбасшыларды анықтайтын алаң екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Дода #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Референдумда басқа біреудің атынан дауыс бергендер айыппұл арқалайды

Бүгін 15:34

Тіркелген мекенжайдан тыс дауыс беру тәртібі қандай?

Бүгін 15:30

Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам - Алматыда дәрігерлермен құқықтық кездесу өтті

Бүгін 15:27

Щучинскіде жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Бүгін 15:25

Алматы вакциналауды күшейтіп, кез келген жағдайға дайын отыр - Денсаулық басқармасы

Бүгін 15:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі