AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда көлікті тоқтатпай-ақ олардың шығарындылар...

Алматыда көлікті тоқтатпай-ақ олардың шығарындыларын өлшейтін жүйе сынақтан өтіп жатыр

Алматы Бүгін 11:13 42
Алматыда көлікті тоқтатпай-ақ олардың шығарындыларын өлшейтін жүйе сынақтан өтіп жатыр
Алматы әкімдігі

Өлшеу жұмыстары екі апта ішінде 12 күн бойы жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда пилоттық жоба аясында көлік қозғалысы кезінде автомобильдерден бөлінетін зиянды заттардың мөлшерін қашықтан өлшейтін технология сынақтан өткізіле бастады. OPUS RSE жүйесі көлікті тоқтатпай-ақ пайдаланылған газ құрамындағы ластаушы заттардың нақты деңгейін анықтайды. Бұл туралы Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

Бұған дейін «Eco Almaty» ЖШС мамандары испаниялық OPUS компаниясымен автокөліктерге қашықтан экологиялық мониторинг жүргізу технологиясын енгізу мәселесін талқылаған.

Сынақ жүргізу үшін компания қаланың әртүрлі аудандарындағы жолға орнатылатын RSD6000 жылжымалы жабдығын ұсынды.

Өлшеу жұмыстары екі апта ішінде 12 күн бойы жүргізіледі. Жүйенің көлік қозғалысы әртүрлі қарқынмен жүретін жағдайда қалай жұмыс істейтінін тексеру үшін жабдықтың орналасқан жері күн сайын өзгертіледі. OPUS компаниясының өкілі техникалық қолдау көрсетіп, жабдықты калибрлеуді және алынған деректердің дұрыстығын тексеруді қамтамасыз етеді.

Сынақ қорытындысы бойынша мамандар автокөліктерден бөлінетін зиянды заттардың деңгейін талдап, көрсеткіштерді халықаралық деректермен салыстырады. Сондай-ақ қоршаған ортаны шамадан тыс ластайтын көлік құралдарын анықтау критерийлерін ұсынады.

Бұған қоса, тұрақты мониторинг жүргізуге арналған жабдықтарды орнатуға орындар белгіленеді.

Пилоттық жобаның нәтижесі технологияның тиімділігін бағалауға және Алматыдағы автокөліктердің экологиялық талаптарға сәйкестігін бақылау үшін алдағы уақытта қолдану мүмкіндігін анықтауға көмектеседі. Бұл ретте, пилоттық жоба тек зерттеу мақсатында жүргізіліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды

Бүгін 10:28

Астанада университеттердің зерттеу әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін 10:24

Алматыда «Соғым FEST» тақырыптық жәрмеңкесі өтеді

Бүгін 10:13

Президенттің жолдауы әділетті Қазақстан құруға жол ашады - сарапшы

Бүгін 09:03

Түркістан облысында қуаттылығы жылына 150 мың тонна жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылды

Кеше 22:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);