Көктемнің басталуымен Алматының барлық аудандарында қалпына келтіру жұмыстары басталды – жолдардың шұңқырларын жөндеу, орындықтарды, қоршауларды, қоқыс жәшіктерін, аялдамаларды және басқа да объектілерді сырлау жұмыстары жүргізілуде. Аудандарда қоқыс жинау сенбіліктері де өтеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Алатау ауданында Райымбек даңғылында және Саин, Рысқұлов, Момышұлы, Кудрин, Емцов және басқа да көшелерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарға 3 бригада, 9 бірлік техника және 15 жұмысшы жұмылдырылды. Ауданда Саялы скверінде, Мөңке би, Аханов көшелерінде, сондай-ақ "Зерделі", "Қарасу", "Алғабас", "Өжет" және басқа да шағынаудандарда сенбіліктер өтті. Жақын арада 1200 урна, 1200 орындық және 300 метр қоршау сырлау жоспарланған.
Алмалы ауданында Абай, Жамбыл, Манас және Гоголь көшелерінде басталған шұңқырдарды жөндеу жұмыстарына 2 бригада, 7 бірлік техника жұмылдырылды. Ауданда 1057 урна мен 958 орындықты бояу жоспарлануда. Сырлау жұмыстарына 30 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Ауданда 5 жергілікті сенбілік өтті: Сайран көлінің шығыс жағалауында (Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейін), Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауында (Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін), Брусиловский және Прокофьев көшелерінде, сондай-ақ Назарбаев-Абай-Райымбек даңғылдарының квадратында және Сайран көлінің шығыс жағалауы. Сенбіліктерге 1650 адам, 119 бірлік техника жұмылдырылып, 1808 текше метр қоқыс шығарылды.
Әуезов ауданында Жандосов, Алматы, Шаляпин, Сүлейменов, Асқаров көшелері, Абай даңғылы (Саин және Момышұлы көшелерінің арасында), сондай-ақ "Мамыр-3" шағынауданының өтпелі жолдарының шұңқырлары жөнделді. Бұл жұмыстарға 2 бригада, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Ауданда 1800 урна, 1700 орындық, 169 аялдама, 300 метр қоршау, 600 шағын сәулет пішіндері 200 кабель қорабы, сондай-ақ 5 жер үсті және 4 жерасты өткелдерін сырлау жоспарлануда. Бұл процеске 60 қызметкер, 12 техника жұмылдырылған.
Ауданда 15 жергілікті сенбілік өтті: Сайран көлінің батыс жағалауында, Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында (Жандосов көшесінен жоғары), сондай-ақ Симферополь, Науаи, Карской көшелерінде, "Ақсай-1А", "Достық", "Жетісу-3", "Таугүл" шағын аудандарында, сондай-ақ 3-ші және 4-ші шағынаудандарда. Барлығы 437 адам, 40 бірлік техника қатысып, 200 тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Бостандық ауданында Желтоқсан, Наурызбай батыр, Тимирязев, Жароков, Байтұрсынов, Жандосов, Исиналиев, Үшкемпіров және басқа да көшелердегі жол-асфальт төсемдерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, әл-Фараби, Назарбаев және Абай даңғылдарында шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 3 331 орындықты, 4 643 урнаны, сондай-ақ аудан аумағында орналасқан бөлу қоршауларын сырлау жұмыстары жоспарлануда.
Ауданның мердігерлік ұйымдары тұрғындармен бірлесіп, өзендердің, каналдардың жағалауларында, сондай – ақ иесіз аумақтарда 7 жергілікті сенбілікті ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Барлығы 315 адам, 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды, 175 текше метр қоқыс, лай, құм, бұтақтар, құрылыс қоқыстары және т. б. шығарылды.
Жетісу ауданында шұңқырларды жөндеу, сондай-ақ орындықтар мен урналарды сырлау сәуір айының соңына дейін жүргізіледі. Көктемгі маусымның басынан бері ауданда сенбіліктер 8 түрлі жерде өтті. Барлығы 211 адам, 29 бірлік техника қатысып, 84 текше метр қоқыс шығарылды.
Медеу ауданында Достық және Назарбаев даңғылдарында, сондай-ақ Сәтбаев, Омаров, Керей Жәнібек хандар, Қазыбек би, Қалдаяқов, Бөгенбай батыр, Төле би көшелерінде жолдардың шұңқырларын жөндеу жүргізілді. Аудан аумағында сырлау жұмыстары әлі жүргізілген жоқ. 1679 орындық, 1694 урна сырлау жоспарланған. Бұған 45 қызметкер мен 5 техника жұмылдырылады. Сенбіліктер Терренкур демалыс аймағында, ҮАК бойында (Бұқтырма көшесі), Шухов скверінде, Есентай өзенінің жағасында және "Теміржолшы" бау-бақша серіктестігінде өтті.
Наурызбай ауданында Қонаев, Сабденов, Әшімов, Әбділдин көшелерінің шұңқырлары жөнделді. Ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін 27 көшеде жөндеу жұмыстары жоспарланған. Мердігер ұйымдардың күшімен сәуір айының ортасына дейін орындықтарды, урналарды, қоршауларды, шағын сәулет пішіндерін сырлау жұмыстары жоспарланған. Барлығы 625 урна, 519 орындық, 139 аялдама кешенін сырлау жоспарлануда.
Ауданда Райымбек, Алатау даңғылында, Абай саяжайларында, сондай-ақ Белжайлау, Карьера, Жүнісов, Айманов және басқа да көшелерде 5 жергілікті сенбілік өтті. 1200 адам, 125 бірлік арнайы техника, 1800 текше қоқыс шығарылды.
Түрксіб ауданында Майлин, Бұқтырма, Лавренев, Бекмаханов, Шемякин және т.б. көшелеріндегі жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алаңы 800 шаршы метрден асады. Жұмыстарға 2 бригада, 8 бірлік техника жұмылдырылды. Ауданда 470 урна, 60 орындық, 300 метр қоршау, сондай-ақ 4 жер үсті және 3 жерасты өткелдерін сырлау жұмыстары басталды.
Қазіргі кезде көктемгі қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүруде, соның ішінде қысқы кезеңнен кейін қаланы абаттандыру және тазалау жұмыстары одан әрі жалғасуда.