AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кітап фестивалі өтеді

Алматыда кітап фестивалі өтеді

Әлеумет 28.10.2022, 16:00 1,163
Алматыда кітап фестивалі өтеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтеді


Алматы қаласында 5 қарашада KITAP FEST KIDS 2022 дәстүрлі кітап фестивалі өтеді. Жылдың ең ауқымды кітап фестивалі биылғы Балалар жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «BAURZHAN foundation» қоры өткізіп жатқан шара 2014 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.


8 жыл ішінде KitapFest-те танымал қазақстандық авторлар мен баспагерлердің қатысуымен 150-ден астам кітаптың тұсаукесері өткен. Ең бастысы жоба осы уақыт аралығында шығармашылыққа құштар жандар үшін ауқымды әрі бірегей алаңға айналып үлгерді.


Биылғы KITAP FEST KIDS фестивалі Балалар жылына арналғандықтан оның бағдарламасы негізінен кішкентай оқырмандарға арналған. Оның ішінде Лилия Клаус, Гүлнар Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақова және тағы басқа көптеген балалар жазушыларымен кездесу, «Таңыс болайық! Батыр», «Бөлісу деген – бақыт», «Бату мен оның достарының шытырман оқиғалары» сынды жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді. Шара аясында жазушылар өз кітаптарын таныстырып, пікір алмасады. Сондай-ақ кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кітап дүкендері, баспагерлер және интернет-дүкендері өз өнімдерін  ұсынады. Фестиваль барысында кез келген кітапты 20 пайыздық жеңілдікпен сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.


Ең бастысы, фестивальде алғаш рет «Ауылға кітап» акциясы өтеді, онда кез келген оқырман өз кітабын Қазақстанның ауылдық кітапханаларына тапсыра алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітап #фестиваль #Ауылға кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда биыл 700-ден астам интернеттегі алаяқтық тіркелді

Бүгін 11:14

Маркетплейс саудагерлеріне де бақылау күшейтілді

Бүгін 11:07

Елордада IX «Astana Eurasian Book Fair – 2026» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі ашылды

Бүгін 10:28

Мәдениет және ақпарат министрі Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Бүгін 10:22

XXI ғасырдың оқу киіз үйі: Алматыдағы мектептердің бірінде бірегей білім беру кеңістігі құрылды

Бүгін 09:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика