AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда кеше толассыз жаңбыр жауды: әкімдік мәсел...

Алматыда кеше толассыз жаңбыр жауды: әкімдік мәселені қалай шешіп жатыр?

Барлығы 17.09.2025, 14:29 857 Сұлу
Алматыда кеше толассыз жаңбыр жауды: әкімдік мәселені қалай шешіп жатыр?
depositphotos.com

Алматыда тәулік бойы толассыз жаңбыр жауды. Қаланың жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Алматыда 16 қыркүйекте сағат 16:00-ден бастап нөсер жауды.

"Қазгидромет" РМК дерегінше, қалада бірнеше сағат ішінде 12 мм, ал тау бөктеріндегі жерлерде 15 мм жаңбыр жауды. Бұл жаңбырдың бір айлық мөлшерінің 53%-ы (қыркүйек айындағы норма-28 мм).

Жаңбыр салдарынан болған зардаптарды жою үшін 96 бірлік арнайы техника, 40 мотопомп, 19 ассенизатор машинасы (оның 9-ы алдын ала су басуы мүмкін жерлерге жеткізілді), 416 жол жұмысшысы, 2400 қап құм, мотопомпалармен және қажетті құрылғылармен жабдықталған 71 жедел мобильді бригада жедел іске кіріскен еді.

Жауын салдарынан болған зардаптарды жоюға ТЖД, РЖҚО, Алматы құтқару қызметінің күштері, сондай-ақ мердігер ұйымдар тартылды. Мердігерлерді қоспағанда барлығы 23 қызметкер, 7 бірлік техника, тіркеме және тасымалданатын мотопомпалар жұмылдырылды.

Нөсер жауынның және арық желісінің жаңбыр суына толып кетуі салдарынан қаланың жоғарғы бөлігінде автомобиль жолдарының кейбір учаскелері су астында қалды.

Ең үлкен жүктеме Аманжол көшесінде болды, мұнда жол төсемінің опырылуы салдарынан 13 автокөліктің зақымдануы тіркелді. Әуезов ауданы әкімі аппаратының дерегінше, бұған дейін бұл учаскеде "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мердігерлік ұйымы сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жұмыстарын жүргізген. "QazaqGaz" ақ газ құбырының жоспарланған құрылысына байланысты асфальтбетон жабыны толық қалпына келтірілмеген.

Ауданның жаңбыр суы арық науалары арқылы дәл осы көшеге ағып кетеді, бұл жүктемені едәуір арттырады. Сонымен қатар, инженерлік желілердің терең төсемі топырақтың негізін әлсіретті. Қатты жаңбырмен бірге бұл жабынның шөгуіне және бұзылуына әкелді.

Қазір Аманжол көшесі жабылды. Ертең зақымдалған көліктерді эвакуациялау, топырақты шығару және орнын толтыру басталады. Мердігер ұйым зардап шеккен көліктердің иелеріне келтірілген зиянды өтеуге міндеттенді. Жағдай әкімдіктің бақылауында.

Тағы бір проблемалық учаске - Манас пен Жандосов көшелерінің қиылысы. арық желісі су астында қалды. Негізгі себеп-асфальтталған жабын, бұл судың ағып кетуін қиындатуда. Зардаптарды жою үшін "Алматы тазалық"МКК бригадалары сол жерге аттанды. Арықты тазарту, су ағызу жұмыстары жүргізілді, қапшықтар мен қоршаулар қойылды. Арық жүйесінің одан әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін асфальт жабынын ашу жоспарланып жатыр.

Барлық су тасқыны жойылды, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Түнде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 189 бірлік техника мен 180 жұмысшы кезекшілік етеді.

"Қазгидрометтің" ауа райы болжамы:

  • 17 қыркүйек – бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз + 18...+20 °C.
  • 18 қыркүйек - кей жерлерде жаңбыр жауып,найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман, күндіз + 16...+18 °C дейін.
  • 19 қыркүйек- ауа райы болжамы осыған ұқсас, кей жерлерде жаңбыр мен найзағай, күндіз температура +16...+18 °C.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жаңбыр #әкімдік #салдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53

Алматыда регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Бүгін 14:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);