AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Керей мен Жәнібек хандарға арналған комик...

Алматыда Керей мен Жәнібек хандарға арналған комикс жарық көрді

Мәдениет 27.01.2024, 10:09 2,245
Алматыда Керей мен Жәнібек хандарға арналған комикс жарық көрді
Сурет: Самат ҚҰсайыннов

Талантты жас қаламгер әрі суретші Ильяс Юсуфжановтың «Керей мен Жәнібек» атты комиксі жарық көрді. Қазақ және орыс тілінде шыққан комикстің таныстырылымы бүгін Алматыда өтті деп хабарлайды Almaty-aqshamy.kz.


Комикс жанры елімізде кенжелеп қалған жанр екені мәлім. Сондықтан да Ильяс Юсуфжанов секілді жас таланттардың аталған жанрда еңбектеніп, қазақ мемлекеттілігіне қатысты тарихи деректерді жастарға мейлінше өтімді тәсілмен жеткізуі айрықша мәнге ие. Комикстің таныстырылымына жиналған қауым пікірі де осыған топтасты.



Әуезов ауданында өткен әдеби шараға Алматы қалалық әкімдігі мен  Әуезов ауданы әкімдігінің ресми өкілдері, қаламгер жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, авторды қолдауға оның қатарлас жастары, Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектебінің Giovani Talenti камералық оркестрі, өзге де өнерпаздар қатысты.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев пен Әуезов ауданы әкімі Абзал Егембердив жас авторға арнайы құттықтау хатын жолдады, өз қолдауларын жеткізді. Ресми құттықтауларда мәдени, тарихи құндылықтарды жастарға өтімді тәсілмен насихаттаудың маңыздылығына айрықша тоқталған. Бұл жағында нәтижелі еңбек еткен авторға шығармашылық табыс тілеген.


Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы да қаламгерлер ордасының сәлемін жеткізіп, Ильясты өз қатарларына қабылдағанын сүйіншіледі. Осылайша Ильяс Юсуфжанов Қазақстан Жазушылар одағының ең жас мүшесі атанды. Бұған қоса, комикс авторы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық бірлестігі жағынан «Қазақстан Болашағы»  төсбелгісімен марапатталды.


Әуезов ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бану Манапова журналистерге: «Жастар арасында ұлттық құндылықтарды, тарихымызды насихаттауда «Керей мен Жәнібек» комиксі секілді еңбектердің тигізер көмегі мол. Себебі, ол жастардың қабылдауына жеңіл және ыңғайлы. Сол үшін біз авторды осы еңбегімен құттықтаймыз, әрі шығармашылығына қолдау көрсете бермекпіз», – деген пікірімен бөлісті.


Автор жайлы бірер сөз:


Ильяс Юсуфжанов – әдеби ортаға Ильяс Юсуф деген қаламатымен танылып келе жатқан жаз жазушы.  Бұған дейін де бірнеше еңбектері жарық көріп үлгірген болатын. Ол «Қазақстандық ең жас қаламгер» ретінде жергілікті Гиннес рекордтар кітабына да енген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Керей мен Жәнібек хандар #тарих #комикс #Тұсаукесер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);