Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда карантиндік шектеулер біртіндеп алынуда

Алматыда карантиндік шектеулер біртіндеп алынуда

Әлеумет 25.01.2022, 10:00 1,108
Алматыда карантиндік шектеулер біртіндеп алынуда
almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әдбіжаббарова Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде шектеулердің ішінара алынып тасталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Қарлығаш Әдбіжаббарова «Ashyq» жобасы аясында 6-16 қаңтар аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 270 және «сары» мәртебесі бар төрт тұлға анықталғанын атап өтті.



«2021 жылдың 9 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін 11 369 тұрғынның «қызыл», 1 360 тұрғынның «сары» мәртебесі расталды», - деп хабарлады Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.



Ол ағымдағы жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы бойынша республиканың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №2 қаулысына қол қойылғанын, онда келесі өзгерістер енгізілгенін еске салды. Концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, түнгі клубтар, караоке, ұжымдық діни жораларды өткізуге тыйым салынды, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарына келушілер санын 4 адамға дейін қысқарту және кинотеатрлардың толымдылығын 30%-ға дейін қысқарту туралы талап алынып тасталды.



«Бұл нысандардың барлығы «Ashyq» аясында «қызыл» аймақтың қолданыстағы критерийлері бойынша жұмыс істейтін болады. Мысалы, концерттер, театрлар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану, түнгі клубтар, караоке – 50%-ға дейін 50 адамнан артық емес, көрмелер – 70%-ға дейін 200 адамнан артық емес», - деп түсіндірді Қарлығаш Әдбіжаббарова.



Спикер 24 қаңтардан бастап балабақшалардың ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта, жалпы білім беретін мектептерге – 600 балаға дейінгі контингенті бар 1-4 сыныптарға штаттық форматта, ал 600-ден астам оқушысы бар мектептерге – 50%-на штаттық форматта жұмыс істеуге рұқсат етілгенін хабарлады.



«Сондай-ақ, мектептен тыс және білім беру орталықтарының штаттық форматтағы, ЖОО мен колледждердің аралас форматтағы жұмысына рұқсат етілді. Вакциналанған оқушыларға мектеп әкімшілігінің қалауы бойынша офлайн режимде рұқсат етіледі», - деп нақтылады спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #карантин #Әбдіжаббарова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика