Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда кәмелетке толмағандарға темекі өнімдеріні...

Алматыда кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерінің заңсыз сатылуына тосқауыл қойылуда

Әлеумет 27.02.2025, 11:30 643
Алматыда кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерінің заңсыз сатылуына тосқауыл қойылуда
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда кәмелетке толмағандарға темекі және темекі өнімдерін заңсыз сату фактілеріне қарсы күрес жалғасуда.

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы 21 жасқа толмағандарға темекі мен темекі өнімдерін сату бойынша 160 құқықбұзушылық анықталды. Заңды бұзған кәсіпкерлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 423-1-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Заңға сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сату – құқықбұзушылық болып табылады. Жеке тұлғаларға 15 АЕК, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 25 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – деді спикер.

2025 жылдың басынан бері осыған ұқсас 27 құқықбұзушылықтың жолы кесілді. Билік жастарды темекі өнімдерінің зиянды әсерінен қорғау мақсатында бақылауды күшейтуде.

Сонымен қатар, азаматтардың денсаулығын қорғау шаралары аясында шылым шегуге болмайтын темекі өнімдерінің, соның ішінде электрондық тұтыну жүйелерінің мен хош иістендіргіштердің және оларға арналған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қарсы қатаң шаралар қабылдануда. Вейптерді заңсыз сату үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.

«Мемлекет жастарды никотин өнімдерінің зиянды әсерінен қорғау саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Заңды бұзғаны үшін жауапкершілік едәуір күшейтілді, сондықтан кәсіпкерлерді белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз», – деп атап өтті қалалық полицияның өкілі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәмелетке толмағандар #темекі #заңсыз сату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика