AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда Кәкімбек Салықовтың есімі ұлықталды

Алматыда Кәкімбек Салықовтың есімі ұлықталды

Мәдениет 10.12.2022, 07:25 1,444
Алматыда Кәкімбек Салықовтың есімі ұлықталды

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев сенбіде белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықовтың құрметіне мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына қатысты.



Ескерткіш тақта Кәкімбек Салықов тұрған Уәлиханов көшесі, 137 үйдің  қасбетіне орнатылды. Салтанатты шараға белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері Олжас Сүлейменов, Дулат Исабеков, Жәнібек Кәрібжанов, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ ақынның қызы Майра Салықова қатысты.



    Ерболат Досаев өз сөзінде Кәкімбек Салықовты еске алуға арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы қаланың рухани өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті.



  "Қазақ поэзиясының классигі атанған Кәкімбек Салықов мемлекеттік қызмет пен әдебиетті біртұтас үйлестірді.


Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, өлеңдеріне әндер жазылған.  Атақты "Жезкиігі" қазақ даласын дүр сілкіндірді. Кәкімбек Салықов сонымен қатар көркем аударма шебері және ұлттық сана-сезімді қалыптастыруға баға жетпес үлес қосқан бірегей тұлға. Ол ұлттың мақтанышы, өз елінің нағыз патриоты болды. Оның қаламынан шыққан шығармалар қазақ әдебиетінің алтын қорына енді", - деп атап өтті қала әкімі.



Мәскеу Түсті металдар және алтын институтын бітіргеннен кейін Кәкімбек Салықов көптеген жылдар бойы шахтада жұмыс істеп, шеберден Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының шахта бастығына дейін жетті. Партиялық жұмысқа ауысқаннан кейін Жезқазған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы, КОКП ОК инспекторы, Өзбекстан Компартиясы Қарақалпақ облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ленин орденімен, екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, Халықтар Достығы орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.


  Сондай-ақ, дәл осы күні Алматыда Бостандық ауданының  «Нұр Алатау» шағын  ауданында көрнекті ақынның құрметіне көше ашылды.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Кәкімбек Салықов #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Импорттың орнына өзіміздің көшеттер: Алматыда көгалдандырудың жаңа жүйесі қалыптасып келеді

Кеше 18:46

Алматылық түлектер республикалық ағаш отырғызу акциясына қосылды

Кеше 18:39

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

Кеше 18:34

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кеше 18:30

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 18:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика