Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес...

Алматыда жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде

Әлеумет 09.09.2022, 11:27 1,002
Алматыда жылыту маусымына дайындық кестеге сәйкес жүргізілуде
Сурет: Nedelya40.ru

Алматыда жылу желілерін сынау жалғасуда.


Жылыту маусымына дайындық ресурспен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың кестелеріне сәйкес жүргізілуде. Энергокешеннің жылу беру маусымына жалпы дайындығы, ағымдағы жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша, 94% пайызды құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Спикер атап өткендей, жылу желілерінің дайындығы 97%-ды, электр желілерінің дайындығы 83%-ды, газ желілерінің дайындығы 100%-ды, сумен жабдықтау желілерінің дайындығы 100%-ды, су бұру желілерінің дайындығы 100%-ды, Алматыжылужайэнерго қазандықтарының дайындығы 85%-ды, АлЭС энергия көздерінің дайындығы 74%-ды құрайды.



«Қазіргі таңда жылыту маусымына білім беру, денсаулық сақтау және көп пәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы 100%-ды құрайды, - деді Санжар Алин.



Алматыда «АЖЖЭ» кәсіпорнымен 110 тонна көмір және 7,9 мың тонна мазут дайындалды. «АлЭС» АҚ кәсіпорнымен 186,5 мың тонна көмір және 19,3 мың тонна мазут сақталған.


Қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етуге тоқталатын болсақ, басқарма Бостандық (Оңтүстік қазандығы (80%)) және Наурызбай («Премьера» қазандығы (60%)) аудандарындағы 2 қазандықты реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде, жұмыстар 2023 жылы аяқталады, бұл 300 мың тұтынушыны жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар, қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңартудың бес жобасы әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді 2022-2023 жылдары аяқтау көзделген (Жетісу және Түрксіб аудандары).


Сондай-ақ ағымдағы жылдың 8 айында12 км жылу желісі қайта жаңартылып, 6 км желі оқшауланды.


Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарламалары мен материалдарын тарату кезінде ӨКҚ-ға сілтеме жасау міндетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жылу #дайындық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика