ffin.kz

Алматыда жылу жүйелері қысқа дайындалуда

Алматыда жылу жүйелері қысқа дайындалуда Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда жылу жүйелерін 2022-2023 жылғы күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша кешендік іс-шаралар өткізіп жатыр.


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі барысында "Алматы жылу желілері" ЖШС бас инженері Данияр Қазымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жылыту маусымы аяқталғаннан кейін бірден жылу аралық кезеңде кәсіпорын келесі жылыту маусымына дайындық жүргізеді. Қалалық жылу трассаларында алдағы 2022-2023 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылумен жабдықтау жүйесін жөндеу және жаңғырту бойынша жоспарлы жұмыстар басталады.


Жұмыс жоспарына сәйкес, алдағы жылыту маусымына сәуір айынан бастап: 


- барлық жылу желілерін гидравликалық сығымдау (жөндеуге дейін және жөндеуден кейін);


- жылу желілерінің жабдықтарын ағымдағы жөндеу;


- кестеге сәйкес, сорғы станцияларын ағымдағы жөндеу;


- ОЖП жабдықтары мен павильондарын жөндеу жұмыстар жүргізіле бастайды.



Бүгінгі күні жеткізуші және кері су құбыры бойынша гидравликалық сынақтар 100%-ға жүргізілді, сондай-ақ зақымданулар анықталған учаскелерде толық көлемде жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Гидравликалық сынақтар кезеңінде 489 зақым тіркелді, бұл 2021 жылғы сынақтар кезеңіне қарағанда 99 (16,8%) аз, 2021- 588 зақым.


Анықталған залалды жөндеу жұмыстарын 7 пайдалану аймағының күштері (33 учаскеден, барлығы 761 адам); 4 жөндеу - құрылыс қызметі (12 жөндеу бригадасынан, барлығы 139 адам); 4 апаттық бригада (тәулік бойы ауысымда 24 адам, барлығы - 98 адам) жүргізді.


Сонымен қатар, барлық жөндеу бригадалары қажетті арнайы техникамен жабдықталған, мысалы, 64 бірлік техника жұмылдырылған, оның ішінде: арнайы техника (трактор, экскаватор, Камаз, МАЗ, Hino), «Газель» және «Соболь» автомашинасы бригада мүшелерін, газбен дәнекерлеу жабдықтарын, қоршау қалқандарын, аспаптарды, 11,6 кВт және 25 кВт дизельді электр станциясын, «Гном» айдау сорғыларды, желдеткіштерді, электрлі дәнекерлеу аппаратын, жарықтандыру прожекторын тасымалдауға арналған.


Жөндеу компаниясы жылу беру кезеңінде үлкен жарылыс орын алған және жоспардан тыс ауыстыру қажет жылу магистральдарының учаскелерінде де жүргізіледі. Жалпы, жылу желілерінде ағымдағы жылы 9 км желі ауыстырылды.


2022 жылы жылыту маусымына дайындық кезінде кәсіпорынның алдында тұрған тағы бір міндет - ұзындығы 4,7 км жылу желілерінің учаскелерін ауыстыру. Бұл осы желілердің пайдалану мерзімінен 25 жылдан асқандығына байланысты болады.  


Мына көшелер ауданында жылу желілерін қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді:


-  Қазыбаев көшесімен солтүстік бағытта Серіков көшесінен №28 тұрғын үйге дейін;


- Гүлдер саябағы бойынша Қазыбаев көшесіне дейін;
- Төле би көшесімен Уәлиханов көшесінен Зенков көшесіне дейін;
- Пушкин көшесімен Төле би көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейін;
- Ерғожин көшесі бойынша;
- Садовников көшесімен Сайран көлі бойымен №82 тұрғын үйге дейін,
сондай-ақ, Жетісу ауданындағы екі сорғы станциясы.


Бұл іс-шаралар көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін жүргізіледі.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Алматы қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы шамамен 60% (811,5 км) құрайды.


Бүгінгі таңда барлық жылу желілері желілік сумен толтырылған, жылу желілерін 2022-2023жж. жылыту маусымына бұруға және жылу желілерінде баяу айналым жасауға дайындық жүргізіліп жатыр. Айналым жылыту кезеңі басталғанға дейін 3 күн бұрын іске қосылады.


 Жылу желілері үйге (теңгерімдік шектеу шекарасына дейін) дейін жылумен қамтамасыз етуді жеткізетінін атап өту маңызды. Үйдің өзіне келетін болсақ, мұнда тұрғындар ПИК немесе МИБ-мен бірлесіп, жылыту кезеңінде үйдің үй ішілік желілерін дайындауы керек, яғни, бұл жылыту жүйесін жуу, жөндеу және сығымдау, үйдің өзін, шатырды, жертөлені, терезені, есіктерді және т.б. оқшаулап жабу.


ПИК немесе МИБ міндетті түрде жүргізіуі тиіс үйішілік жылумен жабдықтау жүйесінің дайындық жұмыстарын жүргізу, қыста суық мезгілде қолайлы жағдайларға кепілдік беру үшін.


Анықтама: жылу желілерінің жалпы ұзындығы - 1 352,33 км, жылу желілері жұмысының гидравликалық режимін қамтамасыз ету үшін – 67 сорғы станциясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43

13:13

12:44

12:12

11:41

11:11

10:43

10:36

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55