AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан бері бес мыңнан астам есірткі...

Алматыда жыл басынан бері бес мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды

Заң мен тəртіп 18.09.2024, 16:14 829 Bakyt
Алматыда жыл басынан бері бес мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды
Фото: Асель ТАШИБАЕВА
 

«Динамо» стадионында «Нашақорлыққа жол жоқ» ұранымен өткен есірткі жарнамаларын жою акциясына мыңға жуық адам қатысты. Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен қатар прокуратура, әскери полиция қызметкерлері, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері, Еріктілер лигасының мүшелері және қала тұрғындары да акцияға атсалысты.

 

– Ауқымды акция Президенттің тапсырмаларын орындау және 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында өткізілуде. Жыл басынан бері Алматыда полиция қызметкерлерінің күшімен есірткі, психотроптық заттар және олардың аналогтарын насихаттайтын бес мыңнан астам хабарламалар (есірткі граффити) боялып жойылды, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев.

Оның айтуынша, есірткі жарнамасына телеграм-сілтемелер, QR-кодтар, сондай-ақ аптасына 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі жоғары жалақы уәде ететін күдікті хабарландырулар жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 299-бабына сәйкес, есірткі құралдарын насихаттау/жарнамалау алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Алматылық студент Ринат Рахымжанов осындай акцияларға бірнеше рет қатысқан.

– Есірткіге қарсы күреске өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Өзім салауатты өмір салтын қолдаймын және барлық адамдарды соған шақырамын, – деп атап өтті белсенді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #есірткі #жарнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);