Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам иесіз жан...

Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам иесіз жануар ұсталды

Барлығы 27.11.2025, 15:10 307
Алматыда жыл басынан бері 9 мыңнан астам иесіз жануар ұсталды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласында жыл басынан бері 9 300-ден астам қараусыз қалған жануар ұсталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл жөнінде Алматының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері хабарлады.
 
Ұрықсыздандырып, екпе салынған соң 1 500 ит және 108 мысық үйренген жеріне қайта жіберілді. Ал 1 453 ит пен 93 мысық иесіне қайтарылған.

Қалада мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қызмет мамандарымен бірлескен жоспарлы және көшпелі тексерістер, сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша жануарларды асырау жағдайына қатысты бақылау жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, биыл ақпан айынан бастап Алматыда иесіз жануарларға шұғыл ветеринарлық көмек көрсету қызметі жұмыс істеп келеді. Бұл қызмет жол-көлік оқиғасынан жарақат алу, биіктен құлау, улану, қауып алғанда инфекция тарау қаупі бар жағдайды және коллапс, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі, тыныс алу бұзылыстары сынды кенеттен пайда болатын ауыр халде дер уақытында көмек көрсету үшін құрылған.
 
Осы мақсатта екі мамандандырылған бригада жасақталып, алғашқы көмек көрсетуге және шұғыл диагностика жүргізуге қажетті барлық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Жарақаттанған жануарларды тасымалдауға арналған торлар, зембілдер және қажетті дәрі-дәрмектермен жабдықталған екі арнайы автокөлік пайдаланылады. Жедел ветеринарлық көмекке 8 708 595 64 04, 338 27 59 нөмірлері арқылы, сондай-ақ 109 – Бірыңғай қызметіне қоңырау шалуға болады.

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу бағдарламасы да қолға алынған. Ол биыл 15 шілдеде басталып, 2025 жылы желтоқсанға дейін жалғасады. Чиптеу жұмыстары ветеринарлық клиникаларда алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі, сондай-ақ мамандар қалаішілік аумақтарды аралап, үйде де қызмет көрсетеді. Өтінім +7 707 968 79 29 WhatsApp нөмірі арқылы қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ит #екпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салуға 4,6 трлн теңге жұмсалмақ

Бүгін 11:02

Таяу Шығыста қанша қазақстандық жүр? СІМ дерек келтірді

Бүгін 10:41

15 наурыз - Референдум күні: алматылықтар нені білуі керек?

Бүгін 10:22

Еңбеккерлердің дауысы: алматылықтар референдумды қолдады

Бүгін 10:18

Дмитрий Баландин жастарды 15 наурыздағы референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 10:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі