AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда журналист Батыр Қазыбаев туралы кітаптың...

Алматыда журналист Батыр Қазыбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті

Барлығы 13.06.2025, 15:57 806 Сұлу
Алматыда журналист Батыр Қазыбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Тengrinews.kz

Алматыда белгілі журналист Батыр Қазыбаев туралы кітаптың тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

12 маусымда Алматыда танымал журналист, Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың құрметіне арналған "Остаться светом" атты кітаптың тұсаукесері өтті. 

Онда танымал медиаменеджерлер, журналистер мен тұлғалар жиналды. Олардың қатарында Ләйлә Сұлтанқызы, Зейнеп Ахметова бар. 

Бұл жинақ – Батыр Қазыбаевтың өмірі мен еңбегі туралы естеліктерден құралған. Кітаптың жарық көруіне оның отбасы мүшелері, әсіресе үлкен әпкесі, жақындары, достары мен әріптестері атсалысқан. Кітапта Батыр Қазыбаевтың өзі түсірген сирек архив суреттер де бар.

"Батыр небәрі 53 жыл өмір сүрді. Бірақ ұзақ өмір сүрген дара тұлғалармен тең дәрежеде еңбек етті. Оның журналистикадағы өзіндік стилі болатын. Ұлымның әріптестері оның еңбегін ұмытпайды деп сенемін. Есімі халық жадында сақталады", — деді Батырдың анасы Орынша Қарабалина-Қазыбаева.

Сондай-ақ, ол кітап авторларына және оның жарық көруіне үлес қосқан барша жанға алғысын білдірді.

Батыр Қазыбаев туралы не белгілі?

Батыр Қазыбаев – танымал қазақ жазушысы әрі журналисі Кәкімжан Қазыбаевтың ұлы. Ол өмір бойы медиасалада еңбек етіп, Alash Media Group холдингін басқарды. Бұл холдинг құрамында Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz сайттары мен "Жұлдыз FM" және "Ретро FM Қазақстан" радиолары бар. Сонымен қатар, ол The Spirit of Tengri этникалық музыка фестивалінің негізін қалаған және "Жетінші арнаның" іргетасын қалаушылардың бірі болған.

Белгілі медиаменеджер 2022 жылы ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін өмірден озды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Батыр Қазыбаев #кітап #Тұсаукесер #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);