Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жұмысқа орналастыру үшін қанша квота бөлі...

Алматыда жұмысқа орналастыру үшін қанша квота бөлінетіні айтылды

Әлеумет 18.04.2023, 12:04 1,001
Алматыда жұмысқа орналастыру үшін қанша квота бөлінетіні айтылды
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бұрынғы сотталған 40 адам Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуды жоспарлап отыр


Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Әділет Жаңабаев бұрын сотталғандарды бейімдеу және жұмысқа орналастыру қалай жүргізіліп жатқанын баяндап берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Алматы қаласының әкімдігі жыл сайын халықтың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота бөледі, соның ішінде бұрын сотталғандар да бар.



«Ағымдағы жылы Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 4/607 қаулысына сәйкес, пробация есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға квота бөлінген ұйымдардың тізіміне 11 ұйым енгізілді. Қалалық және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға Квота – 0,2 адамнан 5 ұйым кірді», - деп түсіндірді А.Жаңабаев.



Спикердің айтуынша, пробация қызметінің есебінде тұрған 41 адамды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 10 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.


Бүгінгі таңда пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалардың арасынан 36 адам жұмыспен қамту орталығына жүгінген. Солардың ішінен:


- 11 адам жұмысқа орналастырылды (оның ішінде 2 адам тұрақты жұмысқа, 5 адам өзін-өзі жұмыспен қамтуға, 4 адам қоғамдық жұмыс орындарына уақытша жұмысқа);
- жұмыс іздеуші ретінде тіркелуден бас тартқаны – 6 адам;
- 17 адам ұсынылған жұмыс нұсқаларын уақтылы хабардар етпеу, келісім бермеу немесе қабылдамау салдарынан есептен шығарылды;
- жұмыссыз ретінде есепте тұрғаны – 2 адам.
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандардың ішінде 2 адам өтініш білдірген.
- 1 адам тіркеуден шығарылған (заңмен белгіленген мерзімде (5 күн) ұсынылған бос жұмыс орны бойынша дәлелді себептерсіз келмеуіне байланысты);
- 1 адам жұмыссыз ретінде тіркелген.


«Аталған санаттағы тұрғындармен жұмыс аудандық пробация қызметімен тығыз байланыста жүргізіледі. Жұмыспен қамту орталығы мен пробация қызметінің өзара әрекеттесу алгоритмі келісілген пробация қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізу тәжірибеде бар», - деп түсінік берді спикер.


Барлық сұрақтар бойынша тұрғындар 310-47-82 телефоны бойынша call-байланыс орталығына хабарласа алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пробация #жұмыс #Жаңабаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған фестивальдар, турнирлер мен жобалар өтеді

Бүгін 13:25

Алматы жастары үшін спорт және шығармашылық саласын қамтитын жобалар легі іске қосылады

Бүгін 13:23

Орталық Азия елдерінен келген ЮНИСЕФ делегациясы №36 Алматы қалалық емхананың жұмысымен танысты

Бүгін 12:38

Жадыңды жаңарту үшін...

Бүгін 12:06

Алматыда TEER технологиясымен бірегей операциялар жасалды

Бүгін 11:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика