Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Алматыда ЖҚЕ бұзған 8 жүргізушінің айыппұлы 9 млн...

Алматыда ЖҚЕ бұзған 8 жүргізушінің айыппұлы 9 млн теңгеге жуықтапты

Оқиға 10.08.2022, 07:41 1,010
Алматыда ЖҚЕ бұзған 8 жүргізушінің айыппұлы 9 млн теңгеге жуықтапты
Сурет: Polisia.kz

Олардың көліктері айып тұрағына қойылды.


«Қорғау – Қауіпті жүргізуші» жүйесі 9 млн теңгеге жуық қаржыға жол қозғалысы ережесін бұзған 8 жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Көлік құралдарына жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін орнатқан, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген көліктерді анықтауға ерекше назар аударылуда.


Жалған нөмірлік белгі таққан және көлік құралын басқару құқығынан айырылған, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзып, ірі көлемде қарызы бар көліктердің тізімдері жасақталды.


Сонымен қатар, полицейлер құқық бұзушылықты анықтаудың электрондық жүйесі «Сергек» пен «Қорғау – қауіпті жүргізуші» қосымшасы арқылы жол қозғалысы жағдайын бақылауда.



Тек осы айдың басынан бері жол қауіпсіздігі саласында 4 342 құқық бұзушылық анықталды және көлікті мас күйінде басқарған 44 жүргізуші ұсталды. Автоматтандырылған ақпараттық бақылау жүйесінің көмегімен 716 автокөлік анықталды және ұсталды, оның 46-сы жалған тіркеу нөмірімен, 220-сы сақтандыру полисінсіз, 397-сі техникалық бақылаудан өтпеген, 47-сі мемлекеттік нөмірсіз.



Сонымен қатар, бұрын сот шешімімен көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 7 жүргізуші ұсталды. Тәртіп бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 62 автокөлік мамандандырылған тұраққа орналастырылды.


Сондай-ақ, жол ережесін жүйелі түрде бұзып, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген жүргізушілерді анықтау жұмыстары да жүргізілуде. Ай басынан бері 9 млн теңгеге жуық айыппұлмен ЖҚЕ бұзған 8 жүргізуші ұсталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Айыппұл #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 10 мыңнан астам жас референдумды қолдады

Бүгін 16:05

Динара Зәкиева Ирандағы мектепке жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін 15:31

Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші едәуір азайған

Бүгін 14:54

Ирандағы жағдайға байланысты елшілік отандастарға үндеу жасады

Бүгін 14:19

ҚазҰУ ғалымдары Конституция жобасына арналған оқу құралын ұсынды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі