AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жолдағы жұмысқа байланысты 500-ден астам...

Алматыда жолдағы жұмысқа байланысты 500-ден астам тексеру жүргізіліп, 1,3 мыңнан астам материалдың үлгісі сынақтан өтті

Барлығы 15.12.2025, 11:30 347 dulatbekova
Алматыда жолдағы жұмысқа байланысты 500-ден астам тексеру жүргізіліп, 1,3 мыңнан астам материалдың үлгісі сынақтан өтті
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласында жол жұмыстарының сапасын бақылау нәтижелері туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматыдағы бөлімшесінің басшысы Мәулен Әліпов баяндады.

2025 жылы Қалалық мобильдік басқармасымен және қаланың сегіз ауданының әкімдігімен жасалған келісімшарттар аясында 509 инспекциялық тексеру жүргізіліп, соның барысында 1 385-тен астам жол-құрылыс материалдарының үлгілері іріктеліп, сынақтан өткізілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Спикердің айтуынша, сынақ нәтижесі бойынша 447 үлгі нормативтік-техникалық талапқа сай келмеген. Тексеру барысында 154 құқық бұзушылық анықталып, олар бойынша тиісті іс-шаралар қабылданды. 2022 жылы жол құрылыс материалдарын тексеру барысында талапқа сай келмеу деңгейі 50% болса, осы жылы ондай көрсеткіш 32%. Бұл құрылыс материалдарының сапасы артқанын көрсетеді.

«Біздің негізгі міндетіміз – сапасыз істелген жұмысты қабылдап, ақысын төлеуге жол бермеу. Сараптама қорытындыларының нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен шамамен 100 млн теңгенің жұмысын қайта орындады», – деп атап өтті Маулен Әліпов.

Сондай-ақ ол тексерудің соңына қарай Алматы қаласының Қала құрылысы бақылау басқармасына 7 өтініш жолданғанын, бір мердігер ұйымға 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынғанын да хабарлады.

Орташа жөндеу жобаларына сараптама жүргізуге ерекше назар аударылды. 2025 жылы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы қаладағы 300-ден астам көшені қамтитын 72 жобаға сараптама жүргізді. Сараптама техникалық құжаттаманың негізділігін, дұрыстығын бағалауды қамтиды.

«Сапалы жобалық құжаттама – жолдардың ұзақ қызмет етуінің негізі. Дәл осы кезеңде кейіннен жабынның қызмет ету мерзіміне тікелей әсер ететін параметрлер қалыптасады», – деп атап өтті бөлімше басшысы.

Сонымен қатар Алматыда көше-жол желісін диагностикалау жұмысы да қызу жүріп жатыр. Биыл осы заманғы жылжымалы жол зертханасының көмегімен 839 шақырым көшеде аспаптық диагностика жүргізілді. Келер жылы тағы 2 257 шақырым жол желісін тексеру жоспарланып отыр.

Спикердің айтуынша, Қалалық мобильдік басқарманың мәліметі бойынша 2025 жылы Алматыда 300 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізіліп, 35 шақырым жаңа жол салынып, 30 шақырым тротуар жөнделді. Соның арқасында жолдың жағдайы 95%-ға жақсарып қалды.

«Біз үлкен инфрақұрылымдық нысандардың сапасын да бақылауда ұстаймыз. Мәселен, Сейфуллин мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік айырығын пайдалануға беру кезінде 8 тексеру жүргізіліп, 18 сынама алынды, олардың барлығы нормативтік талаптарға сәйкес болды. Мұндай нысандар үшін кепілдік мерзімі кемінде 5 жылды құрайды», – деп хабарлады Мәулен Әліпов.

Сонымен қатар қалада асфальтбетон жабындарын төсеудің жаңа тәсілдері қолданыла бастады. Жол төсемінің жоғары температура мен жүктемеге төзімділігін арттыру мақсатында полимерлік қоспалары бар эксперименттік қоспалар пайдаланылып, ғылыми қауымдастықтың қатысуымен гибридті асфальтбетон құрамдарын әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр.

«Сапаны бақылап, жаңа технологияларды енгізу жол инфрақұрылымын ұзақ уақытқа шыдайтындай сапалы етеді», – деп қорытындылады спикер.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жолдағы жұмыс #тексеру #сынақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);