AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жол қозғалысы ережесін 92 рет бұзған жүрг...

Алматыда жол қозғалысы ережесін 92 рет бұзған жүргізуші ұсталды

Заң мен тəртіп 08.06.2023, 07:45 1,019
Алматыда жол қозғалысы ережесін 92 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Көлік Ресей Федерациясында тіркелген болып шықты. 


Автоматтандырылған бағдарламалық жүйелердің мәліметі бойынша, осы Audi автокөлігінің жүргізушісі аз уақыт ішінде 92 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы 2,2 млн теңгеден астам соманы құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Аталған бұзушылықтардың барлығы қаланың бейнежүйелері арқылы тіркелген. Жүргізуші көбінесе жылдамдықты бұзған. Оны “Қорғау – қауіпті жүргізуші” автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстау мүмкін болды. Бұрын хабарланғандай, Алматы полициясы жалған мемлекеттік тіркеуіш нөмірлік белгілерін пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан, көлікті мас күйінде басқарған және төленбеген айыппұлдары бар көлік жүргізушілерін анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері “Қорғау – қауіпті жүргізуші” кешені қала жолдарында 3 мың 501 құқық бұзушылықты анықтады», – дейді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Спикердің айтуынша, жақында Алматы жолдарында жүргізушілердің әрқайсысы 800 мың теңгеден кем емес заңбұзушылық жасаған тағы екі шетелде тіркелген көлік ұсталды. Олардың көліктері де мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды. Алматы полициясы әкімшілік айыппұлдарды дер кезінде төлеу қажеттігін тағы да еске салып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жол қозғалысы #ереже бұзған
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);