Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Алматыда жер кадастрының мәліметтер базасы цифрлан...

Алматыда жер кадастрының мәліметтер базасы цифрландырылуда

Экономика 26.08.2021, 17:26 1,855
Алматыда жер кадастрының мәліметтер базасы цифрландырылуда
oblgazeta.ru

Алматының жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самабетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ол қазіргі уақытта басқарманың 90%-дан астам қызметтерінің онлайн режимде көрсетіліп жатқанын атап өтті, сондай-ақ тәркіленген жердің орнына қандай нысандар салынып жатқанын айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



Ардақ Самамбетовтың айтуынша, жыл басынан бері басқарма мамандары 10100 өтінішті қараған, оның 8 мыңға жуығы жеке тұлғалардан, қалғаны заңды тұлғалардан. Тағы 9 114 мемлекеттік қызмет электронды үкіметтің веб-сайты арқылы (90% астам) және тікелей мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.



«Биыл Жер комиссияларының 25 отырысы өткізілді, онда қалалықтардың 4500-ден астам өтініштері қаралды, Алматы қаласы әкімдігінің жер телімдерін тіркеу бойынша 500-ден астам қаулылары қабылданды. Негізгі жұмыс мектеп, балабақша мен аурухана салу үшін жер телімдерін іздестіру бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде Алатау ауданында алаңы 12,2 га жер учаскесі табылып, ҚР ДСМ Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысына берілді», - деді Ардақ Самамбетов. 



Жер қатынастары басқармасы ағымдағы жылы Алатау ауданындағы Рахат, Мәдениет, Алғабас және Теректі шағын аудандарының тұрғындарынан шаруа қожалығынан бау-бақшаға арналған жер учаскелерінің тағайындалған мақсатын өзгерту туралы 755 өтінішті қанағаттандырды. Бұл жерді тұрғын үйлерді салу үшін пайдалануға мүмкіндік берді.


«Жетісу ауданында 37, Наурызбайда 33, Алатауда екі рұқсат етілмеген жер телімдерінің мәселелері шешілді. Ал Медеу мен Түрксіб аудандарында әрқайсысы тоғыз учаске», - дейді Ардақ Самамбетов.


Мемлекеттік қажеттіліктер үшін 9,8 млрд теңгенің 159 жер учаскелері алынды, бұл 14 әлеуметтік және инфрақұрылымдық объектілердің құрылысын аяқтауға мүмкіндік берді. Тәркіленген жер телімдерінің орнына Бухтарминскаяда жол айырығы салынуда, Жандосов көшесі кеңейтіліп, балабақшалар салынуда.



«Құрылысы аяқталып қалған 7 нысан бар, олар 2021 жылдың соңына дейін іске қосылды. Бұл - Абай даңғылын Яссауи көшесінен Алматы қаласының шекарасына дейін ұңғылау. Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрығы, Алмалы ауданы Байзақов көшесінің батысында Абай даңғылының солтүстігінде орналасқан әкімшілік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Бостандық ауданында Бас жоспарды іске асыру әл-Фараби даңғылының бойында Витебская көшесінің қиылысында жалғасуда», - деді жер қатынастары басқармасының басшысы.



Сонымен қатар, Мәдениет шағынауданындағы мектепке баратын жол салынуда, сондай-ақ Читинская көшесінің бойындағы Түрксіб ауданында кәріздік сорғы станциясы салынуда.


Ардақ Самамбетов Алматыда қаланың тарихи орталығында орналасқан 9 объектіні қайтару  бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Кейін бұл жерде қоғамдық орындар ұйымдастырылады.


Сөзінің соңында жер қатынастары басқармасының басшысы қазіргі уақытта Алматыда жер кадастры базасын цифрландыру жүргізіліп жатқанын, оның көмегімен бірқатар қызметтер онлайн режимінде көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, жер қатынастары мен сәулет саласында қызмет көрсетуге арналған географиялық ақпараттық жүйені толтыру жүзеге асырылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жер #Самамбетов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ - ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ӨРНЕГІ

Бүгін 11:26

Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте аман-есен шығарылды

Бүгін 11:20

Қалалық кардиология орталығында науқастардың емге бейімділігі мәселесі талқыланды

Бүгін 11:17

"Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит әндерінің авторы шу шығарды

Бүгін 11:03

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогында ел қоржынына медаль салды

Бүгін 10:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика