AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда желатин зауыты салынатын болды

Алматыда желатин зауыты салынатын болды

Әлеумет 19.05.2022, 04:50 1,059
Алматыда желатин зауыты салынатын болды
Сурет: Sovkusom.ru

Жоба аясында 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.


ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Түріктің Iskefe Holding компаниясы Қазақстанда ІҚМ терісін өңдеуге және желатин өндіру зауытын салуға 27 млн АҚШ доллар инвестициялайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің жақында президенттік делегация құрамында Түркияға жасаған сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Iskefe Holding компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Тараптар Алматы қаласында компанияның желатин өндіру зауытын салуды инвестициялауы туралы келісті. Жоспарланған инвестиция көлемі – 27 млн АҚШ доллары. Жобаны іске асыру мерзімі 2022-2023 жыл деп жоспарланып отыр. Жоба аясында 100-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын индустриялық аймағында іске қосылады, ал шикізат ретінде ірі қара мал терісі пайдаланылатын болады.


Зауыт құрылысы биыл басталып, 2023 жылы пайдалануға беріледі деп болжанып отыр, өндіріс қуаты жылына 7000 тонна желатинді құрайды. 


Елімізде теріні бастапқы өңдеу бойынша 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Бірақ, өңдеуші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ІҚМ өңделмеген терілерін сатып алу үшін бәсекеге қабілетті баға ұсына алмауда.  Ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар жануарлардың терісін қоқысқа тастайды, ал бұл өз кезегінде аса қауіпті ауруларының таралу қаупін тудырады. 7000 тонна желатинді өңдеу үшін шамамен 38 мың тоннаға жуық шикізат (тері) қажет.


Айта кету керек, түрік холдингінің құрылымына теріні өңдейтін, желатин, протеин, гидролизат, жануарлардан алынатын сұйық аминқышқылдарын өндіретін 7 зауыт, сондай-ақ ғылыми-зерттеу орталығы мен сынақ зертханалары кіреді. Бүгінгі күні Iskefe Holding былғары саласындағы интеграцияланған ірі өндіруші, оның үлесіне Еуропа мен Азиядағы өткізу нарықтарымен сиыр желатиніне әлемдік қажеттіліктің 6% - ы тиесілі.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#желатин #Алматы #зауыт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);