AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жексембек Еркімбековке арналған ескерткіш...

Алматыда Жексембек Еркімбековке арналған ескерткіш тақта ашылды

Әлеумет 20.01.2023, 15:30 1,423
Алматыда Жексембек Еркімбековке арналған ескерткіш тақта ашылды
Сурет: Almaty.tv

Ол 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі қызметін абыроймен атқарды.


Алматыда қазақ өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Жексембек Еркімбековке арналған ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Салтанатты жиынға қайраткердің жақындары, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет жанашырлары қатысты. Ескерткіш тақта профессордың 1972 жылдан бері соңғы күніне дейін тұрған үйінің іргесіне қойылды.



«Ол кісі өте бір мәдениетті, шынында да мәдениет министрі болуға лайық адам еді. Мінезі өте биязы, ешкімге қатты сөйлемейтін. Жақсы азамат болған. Жаңа Қазақстанда осы кісінің өнегесі, тазалығы балаларға, ұрпаққа өнеге бола ма деп ойлаймын», – деді Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири.



Алматы облысының Ескелді ауданында туған Жексембек Еркімбеков еңбек жолын Қазақ радио комитеті жанындағы ұлт-аспаптар оркестрінде, Құрманғазы атындағы оркестрде домбырашы болып бастаған. Кейіннен хореография училищесінің, би ансамблінің, Орталық Комитетте мәдениет бөлімінің жетекшісі болды. 1976-1987 жылдары Мәдениет министрі қызметін абыроймен атқарды. Министр болған тұсында жаңа театрлар, филармониялар, кітапханалар, мәдени орталықтар мен автомузейлер ашылды.



«Министр болған кезінде қазақ өнері мен мәдениеті ерекше дамыды. Оны бар қазақ, бүкіл Алаш жұрты біледі. Қаншама дарынды таланттардың өсуіне, мықты өнер қайраткерлерінің жұздызы жануына жол ашты. Ең алдымен, ол өте адал адам болатын», – деді ақын Әміре Әрін.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жексембек Еркімбеков #ескерткіш тақта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51

Тараз перзентханасында бір күнде төрт ана егіз босанды

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);