AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жеделсаты, қазандық және газ жабдықтарыны...

Алматыда жеделсаты, қазандық және газ жабдықтарының қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

Әлеумет 27.11.2025, 10:39 421
Алматыда жеделсаты, қазандық және газ жабдықтарының қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді
Алматы әкімдігі

Алматыда әлеуметтік инфрақұрылым нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша күшейтілген жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Биыл әлеуметтік инфрақұрылым нысандарында техникалық қауіпсіздік талаптарын бұзу деректерін анықтауға бағытталған профилактикалық тексерулер жүргізілді. Онымен 46 жеделсаты, 20 эскалатор, 4 траволатор және ерекше қажеттілігі бар адамдарға арналған 29 көтергіш құрылғы қамтылды. Бұл туралы Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыда жалпы 14 523 жеделсаты бар, оның 8 420-сы тұрғын үй қорында жұмыс істеп тұр. Тек 45 жеделсаты 25 жылдық пайдалану мерзімінен асып кеткен. 2025 жылы Әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен 110 жеделсатыны жаңарту жоспарланған.

Алматының жылу жүйесіне 158 қазандық және 512 қазан кіреді. «Алматы электр станциялары» АҚ балансында 3 қазандық пен 33 қазан бар, оның 32-сі нормативтік мерзімін өтеген. «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-не тиесілі 79 қазандық пен 303 қазанның 27-сін жаңарту қажет. Қалада сондай-ақ 84 тұрғын үй кешеніндегі 479 көппәтерлі үйді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін 76 жеке автономды қазандық жұмыс істейді. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Бұл жабдықты күтіп ұстау басқарушы компаниялардың есебінен жүзеге асырылады.

Газ жабдықтарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында ТЖД, «Алматы Газ» АРЦ және БАҚ өкілдерімен бірлесіп жеке сектор мен коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға жоспарлы рейдтер ұйымдастырылып жатыр. Қаланың барлық ауданында газ жүйелерін пайдалану ережесін түсіндіруге бағытталған айлықтар өтуде. Биыл профилактикалық іс-шаралармен 22 сауда нарығы, 29 сауда-ойын-сауық орталығы, автономды қазандықтары бар 25 нысан, газдандырылмаған 24 жатақхана мен хостел, сондай-ақ 83 қоғамдық тамақтану орны қамтылды. Оның 30-ында қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталды. Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, барлық тұтынушыға газ жабдықтарын пайдалану ережесі және оларды сақтамағаны үшін жауапкершілік түсіндірілді. Қаланың инфрақұрылым нысандарындағы тәуекелді төмендету бойынша жұмыс жоспарлы түрде жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеделсаты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28

Алматының сегіз ауданында 10 мыңға жуық тұрғынның қатысқан жергілікті сенбіліктер өтті

Кеше 15:57

Алматыда Карьерная көшесінде тұрғындар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен сенбілік өтті

Кеше 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика