ffin.kz

Алматыда жедел жәрдем шақырудың 30%-ы коронавирус пен пневмонияға қатысты

Алматыда жедел жәрдем шақырудың 30%-ы коронавирус пен пневмонияға қатысты Сурет: Lada.kz

КВИ бойынша қаладағы эпидемиологиялық ахуал өрши түсуде.


Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мегаполисте күніне 3700 қоңырау тіркелетінін, оның 2700-і ауырлықтың бірінші және екінші санаты екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Шақырулардың шамамен 25-30%-ы коронавирустық инфекция мен пневмонияға қатысты, жедел жәрдемге жүгіну саны екі есе өсті.


ҚДБ өкілінің айтуынша, Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал өрши түсуде. Светлана Сұлтанғазиева дерттің күн санап өсе түскенін, дәрігерлер мен эпидемиологтардың жайсыз болжамдарының расталып жатқанын атап өтті.



«Медицина қызметкерлерінің жүктемесімен қатар, жедел жәрдемге жүгіну саны екі есе өсті. Қазіргі кезде күніне 3700-ге дейін қоңырау тіркеледі, оның 2700-і - бірінші және екінші санаттағы сырқаттар. Шақырулардың шамамен 25-30%-ы коронавирустық инфекция мен пневмонияға қатысты», - деді Светлана Сұлтанғазиева.



ҚДБ басшысының орынбасары ауыр науқастардың саны артқанын, бүгінде реанимация бөлімшелері 44%-ға толғанын айтты. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде 313 науқас бар, ал реанимациялық төсек-орындардың жалпы саны - 700.


ӨЖЖ аппаратына - 35 адам,  инвазивті емес ӨЖЖ аппаратына - 140, High flow аппаратына 127 адам қосылған.


Бүгінгі күні үйдегі 10045 науқас АМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарының бақылауында үйде, симптомсыз - 9520, жеңіл және орташа ауыр дәрежедегі әрі симптомсыз науқастар - 525.


Қазіргі кезде ковидтік стационарлар бір мезгілде 7045 пациентті қабылдай алады, ковид орталықтарын кеңейту мәселесі қарастырылуда.


Оқу-клиникалық орталықта, фтизиопульмонология орталығында, гуманитарлық-педагогикалық колледжде коронавирус жұқтырғандар үшін қосымша орындар ашылды. 4 тамыздан бастап “Хак” медициналық орталығына 130 төсек-орын қойылды.



«Өткен тәуліктерде Алматыда коронавирус инфекциясының 1531 жағдайы тіркелді. Қазіргі кезде инфекциялық стационарда 4852 адам бар, оның ішінде 241 бала», - деді Светлана Сұлтанғазиева.



3 жасқа дейінгі балалар ковидтік стационарларда ата-аналарымен бірге жатыр.


Светлана Сұлтанғазиева алматылықтарды енжарлыққа салынбауға, коронавирустың жаңа нұсқаларын жұқтырудың алдын алуға, бетперде киіп, қашықтықты сақтауға, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды. Вакциналанудың ең тиімді әдіс екенін тағы да еске салды. 


Алматыда осы кезге дейін  барлығы 725 575 адам вакцинаның 1-ші компонентін алды. Өткен тәулікте 4 971 адамға екпе жасалды. Вакциналанғандардың ішінде 60 жастан асқандардың жалпы саны 99 587 адам.


Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет және спорт нысандарында, базарларда және қаланың СОСО-ларында 167 екпе пункті бар (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1038 адамнан тұратын 234 екпе бригадасы жұмыс жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:47

17:15

16:46

16:16

15:45

15:15

14:44

14:14

13:02

12:45

12:22

11:49

11:11

10:50

10:09

17:43

17:13

17:12

16:43

16:09

15:49

15:10

14:44

14:14

13:43