Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды

Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды

Барлығы 06.10.2025, 14:38 433
Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы «Жасыл аула» науқанының басталғанын хабарлайды.

Қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің аулаларын көгалдандыру мақсатында жапырақты ағаш көшеттерін алуға өтінімдер қабылдануда. Көшеттер тегін беріледі, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Науқан аясында бір адамға 20-ға дейін көшет беріледі. Өтініш беруші отырғызылған ағаштарға алдағы үш жыл бойы күтім жасау жөнінде кепілдік міндеттемесіне қол қоюға тиіс.

Өтінім 2025 жылы 12 қазанға дейін қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтінім қабылданбайды.

Қатысу үшін zhasyl_aula_2025@bk.ru электрондық поштасына келесі мәліметтерді жіберу қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен байланыс нөмірі, ағаш егілетін орнының нақты мекенжайы;

2. Ағаш отырғызылатын жердің фотосы (мамандарға орынды толық бағалауға мүмкіндік беру үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

3. Қажетті көшет саны.

Көшеттер 2025 жылы 18–19 қазанға Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Т. Рысқұлов көшесі, 1/1 («Eco Almaty» ЖШС) мекенжайында таратылады. Отырғызылған көшеттердің фотоесебін жолдау қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасының Жасыл қорды басқару бөліміне мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады: +7 778 382 60 01, +7 727 338 31 06.

«Жасыл аула» науқаны жеке тұрғын үй секторының (ЖТҚ) тұрғындарына, Алматы облысы тұрғындарына және заңды тұлғаларға арналмаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жасыл аула #науқан #көшет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі