Алматыда жастарға арналған кибергигиена лекциялары басталды

Алматыда жастарға арналған кибергигиена лекциялары басталды Сурет: Алматы қаласы бойынша ЭТТД баспасөз қызметі

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаменті қаладағы ЖОО студенттеріне арналған цифрлық қауіпсіздік сабақтарын өткізуде.

«Заң және тәртіп» нарративін іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері 2025 жылғы 12–27 қараша аралығында Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттеріне цифрлық қауіпсіздік бойынша ауқымды лекциялар сериясын ұйымдастыруда.

Дәрістер қаланың барлық негізгі ЖОО-ларында интерактивті форматта өтуде. Оқу барысында студенттерге цифрлық алаяқтықтан қорғанудың заманауи тәсілдері, сондай-ақ мобильді құрылғылар мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі қауіптердің алдын алу бойынша практикалық әдістер түсіндіріледі.

Кибергигиена дағдыларына ерекше назар аударылады: — смартфонды киберқауіптерден қалай қорғау керек;

- фишингтік сілтемелер мен зиянды қосымшаларды қалай анықтау керек;

- жеке деректерді қорғау үшін қандай шараларды қолдану қажет.

Сонымен қатар, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері дипфейк технологияларына байланысты қазіргі заманғы қауіптер туралы кеңінен айтып, жеке цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде практикалық кеңестер береді.

Сабақтардың мақсаты – жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:29

12:16

12:05

11:51

11:46

11:32

11:20

10:50

10:45

10:40

10:29

10:20

10:09

09:54

09:49

09:43

09:28

09:02

08:31

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27